Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет216/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы
Жазылым құрамына шикізаттың екі түрі кіреді. 
Сығындыларды әртүрлі жолмен дайындау керек. 
1.
Жалбызтікен тамырынан қайнатпа дайындалады. Инфундирлік стаканға 
6,5 г шикізатты 130 мл тазартылған сумен бөлме температурасында 
тұндырып, шикізатты сықпай, сығындыны сүзеді.
2.
10,0 г сасық шөп шөбін инфундирлік стаканға салып, 220 мл сумен су 
моншасында 15 минут тұндырып, 45 минут салқындатып, шикізатты 
сығады.
Екі сығындыны біріктіріп, қажет болса көлемін 300 мл дейін сумен жеткізіп, 
босататын құтыға құйып, тығындап, безендіреді. 
Сулы сығынды дайындағанда қолданылатын аппараттар. 
Сулы 
сығындыны дайындағанда - инфундирка (лат. іnfundіo - төгу, құю, қайнатып алу) 
қолданылады. Инфундиркалар эмальды, тот баспайтын болатты және фарфорлы 
болуы 
мүмкін. 
Инфундирка 
өсімдік 
шикізатымен 
әрекеттеспейтін 
материалдардан жасалынады. Ол толық жылу өткізгіш және механикалық 
тұрақты болуы керек. Фарфорлы инфундиркалар нашар қызады, сондықтан 
оларды алдын-ала 15 минут қыздырады. Инфундирка судың бетінде 5-8 см 
биіктікте орналасуы, ал оның ішкі температурасы 97-98 
0
С құрауы тиіс. 
Инфундиркаларды қыздыру арнайы су моншасында - инфундирлік 
аппаратта жүргізіледі. Инфундирлік аппаратта бірден 2-3 инфундирка орналасуы 
мүмкін. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте бірнеше маркалы инфундирлік аппаратар 
шығарылады, олар құрылысы, көлемі және инфундирлік стакандардың саны 
бойынша ерекшеленеді. 
Электр тогымен қызатын инфундирлік аппараты АИ-3. 
Қондырғының 
төменгі бөлігінде электр қыздырғышы, ал үстінгі бөлігінде үш темір пештік 
(конфорка), қақпағында үш фарфорлы инфундирлік стаканы орналасқан (сурет 
39). Инфундирлік стақан торлы кәрзеңкемен жабдықталған, ал кәрзеңкенің ішкі 
бөлігі жылжымалы сығатын дискіден тұрады. Үлкен инфундирлік стақанның 
сыйымдылығы 500 мл, ал кіші екеуі - 300 мл. Су моншасында судың жылдам 
қызуын ауыстырып қосқыштың тұтқасын 1000 Вт қуатқа дейін қондыру 


286 
арқылы жүзеге асыруға болады. 500 Вт қуатқа ауыстырып, тиісті темір 
пештің қақпақтарына инфундирлік стақандарды орнатады. 
Сурет 39. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет