Оқулық шымкент, 2018 жыл


Электр тогымен қызатын инфундирлік аппараты АИ-3



Pdf көрінісі
бет217/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Электр тогымен қызатын инфундирлік аппараты АИ-3 

а) магнитті араластырғышы бар инфундирка; б) 1- қақпағы; 2- 


торлы кәрзеңке; 3- шикізатты сығатын дискі; 4- тұтқа 
Су моншасы тазартылған сумен толмаған жағдайда аппаратты токқа 
қосуға тыйым салынады. Жұмыс барысында су моншасындағы судың деңгейі 
оны бақылайтын шыны түтіктің төменгі қауіп қатерлі белгісінен төмен 
болмауы тиіс. Бұл аппаратты барлық дәріханаларда қолдануға болады. Қазіргі 
уақытта өндірісте осыған ұқсас АИ-2-250 аппараты шығарылады. Ол АИ-3-
тен инфундирлік стақандардың саны, көлемі және тұтыну қуаты бойынша 
ерекшеленеді. Инфундирлік аппарат АИ-3000 (40 суретте) көрсетілген. 
Сурет 40.
 Инфундирлік аппарат АИ-3000 
Дәрілік өсімдік шикізатынан көлемі 3000 мл дейін тұнба және қайнатпа 
дайындауға арналған. Аппарат су деңгейін көрсететін шыны түтігі бар су 
моншасынан және қолданылатын максималды қуаттылығы 1200 Вт электр 
қыздырғышы бар цилиндрлі корпустан тұрады. Корпус металды қабықпен 


287 
жабылған, ал оған электр қыздырғышты ауыстырып қосқышы бар басқару 
панелі, сигналды лампалары және сақтандырғыш бекітілген. Инфундирлік 
ыдыста сығатын құрылысы бар перфорирленген стақан, ал стақанның ішінде 
тұтқаға бекітілген штогы мен ұстағышы бар перфорирленген диск 
орналасқан, жылжымалы 
тұтқа инфундирлік 
ыдыстың қақпағына 
қондырылған.
Сығатын қондырғы көмегімен тұнбаны (қайнатпаны) араластыруға 
және сығу арқылы сұйық фракциясын бөліп алуға болады. 
Перфорирленген стақанға өлшенген дәрілік өсімдік шикізаты 
салынады. Су моншасындағы тазартылған судың мөлшері судың деңгейін 
көрсететін шыны түтік арқылы бақыланады, конфорканың қақпағын 
жауып, ауыстыратын қосқышты қуаты 1200 Вт сәйкес келетін «3» деген 
белгіге орнатып, аппарат электр тогына қосылады. Су моншасында су 
қайнаған соң, конфоркаға, перфорирленген стакандағы өсімдік шикізатына 
есептелген мөлшерде тазартылған су құйылған, инфундирлік ыдыстарды 
орнатады. Кейін су моншасы қайта қайнатылған соң, аппараттың қуатын 
қайнауды қолдап тұратын (қуаты 600 немесе 300 Вт сәйкес келетін 
ауыстырып қосқыштың жағдайы «2» немесе «1» тең) етіп қосады. Тұндыру 
уақыты талап бойынша аяқталған соң, аппаратты өшіреді, су 
моншасындағы инфундирлік ыдыстарды алып, тұнба мен қайнатпаны 
суытады, содан соң перфорирленген стақан құрамын сығады. 
Жұмыстан соң аппараттың бөлшектерін өсімдік шикізатының 
қалдығынан тазартып, жуғыш заттардың сулы ерітіндісімен, содан кейін 
тазартылған сумен шайып кептіреді. Су моншасындағы тазартылған судың 
деңгейін үнемі бақылап отырады және қажет жағдайда судың деңгейін 
көрсететін шыны түтік белгісіне дейін жеткізеді. 
Инфундирлік аппаратты қолданғанда нұсқауда берілген электр 
қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет. 
Аппараттар сериялы шығарылады және ауруханалық, ірі ауруханалық 
және жеке кәсіпкерлік дәріханаларда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет