354
ІІІ-ші саты.
Массаны пилюлялық машинаға ауыстырып серіппе
дайындайды. Алдымен массадан шарик, содан соң таяқшаның көмегімен тегіс
цилиндр формалы пилюлялық серіппе дайындалады.
Пилюлялық машина
суретте келтірілген.
Серіппе цилиндр формалы, белгілі ұзындықта және ол қуыссыз болуы
керек. Цилиндрдің әртүрлі диаметрі пилюляның өлшемінің және дозасының
әртүрлі болуына әкеп соғады.
Пилюлялық серіппенің ұзындығын, пилюлялық кескішпен анықтап, алдын-
ала белгілейді. Пилюлялық кескіштің екі жағы да өлшемдері әр түрлі 30
пилюляға есептелген. Пилюлялық серіппенің ұзындығы жазылымдағы пилюля
санына сәйкес болу керек. Егер рецептіде пилюля саны 30 пилюлядан көп болса,
массаны
екіге бөледі, әр бөлігінен тиісті пилюля санына сай серіппе
дайындайды.
ІV-ші саты.
Серіппені пилюля (сурет 47) машинасының кескішімен
үдемелі-қайтымды қозғалыс жасап, үстіңгі кескішпен кеседі.
Кесілген
пилюляларды шыны пластина бетіне тастайды.
Сурет 47.
Достарыңызбен бөлісу: