Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дисперстік орталар (еріткіштер)



Pdf көрінісі
бет306/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дисперстік орталар (еріткіштер). 
Шаншуға арналған ертінділерде сұйық 
дисперстік орта (ерткіш) ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер 
қолданылады. Олар нормативті құжаттардың талаптарына жауап беруі керек.
МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға (инъекцияға) арналған су, 
тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және апирогенді болуы 
керек.
Шаншуға арналған суды асептикалық жағдайда ҚР Ұлттық экономика 
министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы № 232 «Дәрілік заттардың
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы 
саласындағы 
объектілерге 
қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
бұйрығына сәйкес 
алынады. Шаншуға арналған суды алу асептикалық блоктың дистилляциялық 
бөлмесінде жүргізіледі. Ол бөлмеде қосымша, суды дистилляциялаудан, басқа 
жұмыстарды жүргізуге болмайды. 
Шаншуға арналған суды кәдімгі айдау аппараттарында, тек асептикалық 
жағдайда, дистилятты жинау кезінде оған құрамында пирогенді заттары бар 
айдалмаған судың тамшылары түспейтін жағдайда жүргізілуі тиіс. 
Пирогенді заттар ұшпайды және су буымен айдалмайды. Осыған 
байланысты шаншуға арналған суды булану камерасынан конденсатқа дейінгі 
бу жолдарында шашыранды су тамшыларын ұстап қалатын қондырғысы бар 
аппараттарда алады. Мұндай мақсатта, кәдімгі дистиллятордан ерекшілігі бар 
су буы арнайы әртүрлі конструкциялы - сепараторлардан өтетін аппараттар 
қолданылады. Конструкциясы бойынша олар центрден тепкіш, пленкалы, 
көлемді, масса алмасу, аралас болады. 
Апирогенді суды алуға бірқатар әртүрлі конструкциялы аппараттар: АА-
1, А-10(ДА-10), АЭВС-4, АЭВС-25, АЭВС-60 қолданылады.
Аппарат АА-1 апирогенді электрлік аквадистиллятор номиналды 
өнімділігі 1л/сағ (сурет 50 ). 
Аппараттың негізгі бөліктері булану камерасы (10), сепаратор (8), 
конденсатор (1), жинағыш-теңестіргіш (25) және электрлік жайма-тақта. 
Булану камерасы (10) қызметші персоналды күйіп қалудан және жылудың 
жоғалуын төмендететін, болат жабынмен (9) қорғалған. Камераның түбіне
(12) төрт электр қыздырғыш құрастырылған (11). Булану камерасындағы (10), 
электр қыздырғыштармен (11) қыздырылатын су буға айналып, сепаратор (8) 


385 
және бу түтігі (7) арқылы, сыртынан суық сумен салқындалатын, 
конденсациялық камераға (3) түседі және конденсацияланып апирогенді суға 
айналады. Апирогенді су ниппель (5) арқылы ағып түседі. Камералардағы (3) 
және (10) қысымның жоғарылауын болдырмау үшін, артық бу шығаратын
қорғау саңылауы (6) болады. Салқындатылған су, вентиль (4) арқылы 
конденсатордың су камерасына, камерадағы су деңгейін бір қалыпта ұстап 
тұратын булану камерасымен (10) өз-ара байланыста болатын, төгетін түтік 
(15) арқылы жинағыш-теңестіргішке (25) төгіледі. Жұмыстың басында 
аппараттағы буландыру камерасында су орналатылған деңгейге дейін 
толтырылады. Әрі қарай, су қайнағаннан кейін буға айналады, су булану 
камерасына жарым-жартылай түседі, оның негізгі бөлігі штуцер (26) арқылы 
канализацияға төгіледі. Булану камерасындағы (10) судың деңгейін визуалды 
бақылау, жинағыш-теңестіргіштің штуцерінде (25) орналастырылған су 
көрсеткіш шыны (27) арқылы жүргізіледі. Су жинағыш-теңестіргіш (25) 
сонымен қатар, фармакопеялық талаптарға жауап беретін сапалы апирогенді су 
алу үшін булану камерасына қосылатын, химиялық реагенттермен суды 
араластыруға арналған. Бұл мақсатта жинағыш-теңестіргіште, сумен бірге 
химиялық реагенттер булану камерасына (10) түсетін, арнайы түтік бар. 
Химиялық реагенттердің қатаң дозасы, резеңке түтікпен байланысқан, екі 
дозаторы (18), екі фильтрі (21), тамызғышы (24) бар екі шыны түтіктен 
тұратын, арнайы дозалаушы қондырғымен жүргізіледі. Дозалаушы қондырғы 
жинағыш-теңестіргішпен (25) тамызғыш (24) арқылы қосылған саңылауы бар, 
кронштейнге (19) бекітіледі. Дозаторлар (18) кронштейнге контргайкалармен 
(17) бекітіледі. 
Сурет 50. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет