Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет305/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Физика-химиялық әдіс

активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ерітінділерді 
өткізу. Пирогендік эффект қаупіне байланысты көлемі 10 мл және одан жоғары 
қан тамырына енгізілетін ерітінділерді пирогендік тексеруден өткізеді. 
Міндетті түрде 5% глюкоза, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, желатин 
ертіндісі тексеріледі.
Ерітінділердің және изотонды ерітінді түріндегі шаншуға арналған судың 
пирогендігін сынау (МФ XІ) биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс 
зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізген соң, оның дене 
температурасының өзгеруіне негізделген. Ол үшін зерттелінетін ерітінді 
дендері сау салмағы 1,5-2,5 кг, әр 1 кг салмағына 10 мл есебімен, қояндардың 
құлақ күре тамырына енгізіледі. Егер тәжірибелік қояндардың әр қайсысының 
дене температурасы бастапқы температурадан 0,6 
0
С жоғары көтерілмесе және 
үш қоянның дене температураларының жоғарылауының қосындысы 1,4 
0
С 
аспаса, онда дәрілік зат ерітіндісін немесе суды апирогенді деп есептейді. Егер 
үш қоянның біреуінің дене температурасы жоғарыда көрсетілгеннен жоғары 
болса, тәжірибе (сынау) тағы да қосымша бес қоянға жүргізіледі. 
Пирогендікті 
анықтаудың 
биологиялық 
әдісі 
спецификалығына 
қарамастан бірқатар кемшіліктері бар. Индивидуальды сезімтал қояндардың 
көп санын асырау (әдіс экономикалық қымбат). Осыған байланысты МФ XІ 
басылымында (мақала «Испытание на пирогенность») көрсетілгендей 
қояндардың индивидуальды сезімталдығын тексеру керек екендігі және 
пирогендікті анықтау үшін альбинос-қояндарды қолдануға болмайтындығы 
көрсетілген. 


384 
Официалды биологиялық әдістен басқа 
пирогендігін анықтау үшін, 
шет елдерде лимулус-тест (лим-тест) әдісі кеңінен қолданылады. Ол әдіс 
бактериалды пирогендердің амебоциттер лизатымен Lіmulus poluphemus 
әрекеттескен кезде гель түзуіне негізделген. Қазіргі кезде осыған ұқсас, бірақ 
микроорганизмдердің 3% калий гидрооксидімен гель түзу арқылы 
ерітінділердің пирогендігін тексеру мүмкіндігі бар. 
Шаншуға арналған ерітінділерді дайындаған кезде пирогенді заттардың 
ерітіндіге түсуін болдырмау қажет, ол біріншіден еріткіштердің, қолданылатын 
дәрілік заттардың және қосымша материалдардың (тұрақтандырғыштар, 
солюбилизаторлар, консерванттар және т.б.) жоғары сапалы болуын талап 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет