Оқулық шымкент, 2018 жыл


Термолабильді заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау



Pdf көрінісі
бет318/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Термолабильді заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау 
әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі:
- термолабильді заттар ерітінділерін жылумен стерильдеусіз асептикалық 
жағдайда дайындайды. Бұл топқа жататын ерітінділер: акрихин, барбамил, 
натрий барбиталы, гексаметилентетрамин, физостигмин салицилаты, 
апоморфин гидрохлориді, 12% эуфиллин ерітінділері; 
- шаншуға арналған термолабильді заттардың ерітінділерін МФ Х 992 бет 
басылым көрсетілген бойынша консервантар қосу арқылы дайындауға да 
болады. Ол үшін ерітінділерге 0,5% фенол немесе 0,3% трикрезол қосып, 
құтыны суға салып, 80 
0
С температурада 30 минут ұстайды;


403 
- кейбір заттардың бактерицидті антисептикалық қасиеттері болғандықтан
асептикалық жағдайда, жаңа қайнатылған шаншуға арналған суда дайындап, 
стерильдемейді. Оларға фенотиазин туындылары жатады: аминазин, 
дипразин, имизин ерітінділері. 
Бұл заттардың сулы ерітінділеріне тұрақтандыру мақсатында 1 л 
ерітіндіге келесі жазалым бойынша антиоксидантар қосады: 
Аскорбин қышқылы
2,0 
Сусыз натрий сульфиты
1,0 
Натрий метабисульфаты
1,0 
Натрий хлориді
6,0
Бұл заттардың тітіркендіргіш әсері бар және кілегей қабаттарды 
тітіркендіріп, дерматиттер тудыруы мүмкін, сондықтан жұмыс істеген кезде 
қолға резина қолғап киіп, ауа тартқыш астында жұмыс істеу қажет. 
Шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптардың бірі 
механикалық қоспалардың болмауы. Бұл бөлшектер жағымсыз патологиялық 
өзгерістер тудыруы мүмкін, мысалы: қан тамырларын бекітуі, аллергияға 
ұласатын жергілікті қабыну реакциялары. Ыдыстар мен инвентарды мұқият 
өңдеу процесін жүргізу жағдайларын қамтамасыз ететін жоғарыда көрсетілген 
барлық факторлардан басқа, ерітінділерді сапалы фильтрлеуге ерекше көңіл 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет