Оқулық шымкент, 2018 жыл


Ұнтақтарды орамдау және безендіру сатысы



Pdf көрінісі
бет69/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ұнтақтарды орамдау және безендіру сатысы. 
Дозаланған ұнтақтар қағаз 
қапшаларда, қорапта, шыны, пластмасса және қаңылтыр құтыларда 
босатылады. Көптеген дозаланған ұнтақтар ақ тегіс қағаз капсулаларда 
босатылады. Олар фабрикада немесе қағаз парақтан 7,5х10 см өлшемде 
кесіліп дайындалады. Дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты қарапайым, 
балауызданған, парафинделген және пергаментті қағаздан кесілген 
капсулаларды қолданады. Қағаз капсулаларды үстел үстіне алдын ала бір 
шетін 0,5-0,7 см қайырып, бір қатарға орналастырады. Әр капсуланың 
ортасына өлшенген ұнтақ мөлшерін, таразы табақшасындағы ұнтақ қалдығын 
түсіріп, салады. Капсуланы ұзындығы бойынша бүгіп, қайырған жолаққа 
келтіреді. Капсуланың үлкен бөлігін, қайырылған кішкене бөлігімен жауып 
бүктейді. Бір бүктелген жерді, капсуланың шеттерін бекіте отырып, екінші 
рет бүктейді. Содан соң капсуланы, ұнтақ оның үлкен бөлігінде 
жиналатындай етіп, көлденеңінен бүгеді. Капсуланың бос шеттерін бір-біріне 
енгізеді. Екі шетінің бірігуі тең ортасында болуы тиіс. Капсуланы 
төңкергенде ұнтақ төгілмеуі керек. Орамдалған капсулаларды үшеуден 
немесе бесеуден біріктіріп, қағаз пакетке немесе картон қорабқа салады 
(Сурет 22).


109 
Сурет 22
. Ұнтақтарды қағаз капсулаға орамдаудың үлгісі 
 
Құрамында гигроскопты заттары бар (барбамил, итжидек экстрактысы, қант, 
дибазол, димедрол және т.б.), желденетін, кристалды суын жоғалтатын 
(глюкоза, терпингидрат, кальций лактаты, натрий тетрабораты және т.б.) 
ауада көмір қышқыл газымен (эуфиллин, барбамил), ауа ылғалымен 
әрекеттесетін (анальгин, калий йодиді, натрий гидрокарбонаты) заттар 
парафинделген немесе балауызданған қағаз капсулаларда босатылады.
Осы капсулаларда босатылатын кейбір дәрілік заттардың тізімі: 
Акрихин
Аммоний хлориді
Атропин сульфаты
Барбамил
Глюкоза
Дибазол
Димедрол
Темір лактаты
Калий бромиді
Калий хлориді
Кальций глюконаты
Аскорбин қышқылы
Лимон қышқылы
Фолий қышқылы
Кодеин фосфаты
Ксероформ
Магний тотығы
Натрий бромиді
Натрий сульфаты
Панкреатин
Папаверин гидрохлориді
Пиридоксин гидрохлориді 
Рутин
Қант 
Апоморфин гидрохлориді 
Анальгин 
Барбитал-натрий 
Гексаметилентетрамин
Дийодтирозин 
Дифенин 
Тотықсыздандырылған темір 
Калий йодиді 
Кальций глицерофосфаты 
Кальций лактаты 
Ацетилсалицил қышқылы 
Никотин қышқылы 
Кодеин 
Кофеин
Кофеин натрий-бензоаты 
Магний сульфаты 
Морфин гидрохлориді 
Натрий тетрабораты 
Норсульфазол-натрий 
Пахикарпин гидрохлориді 
Рибофлавин (витамин В
2

Сальсолин гидрохлориді 
Скополамин гидробромиді 
Хинин гидрохлориді 


110 
Терпингидрат 
Эуфиллин
Итжидектің құрғақ экстрактысы 
Құрамында ұшқыш заттары бар (бромкамфора, камфора, ментол, тимол, 
хлоралгидрат), эфир майлары бар ұнтақтар пергамент капсулаларға 
орамдалады. 
Құрамына йод, йодоформ кіретін ұнтақтар қоңыр түсті пластмасса 
қақпақпен тығындалған құтыда босатылады. 
Құрамында бояғыш, жағымсыз иіске немесе дәмге ие заттары бар 
ұнтақтар желатинді капсулаларда (Capsulae gelatіnosae operculatae) 
босатылады. Капсулалар ұштары сопақша болатын серіппелі цилиндр 
тәріздес мөлдір немесе әртүрлі түске боялған мөлдір емес, ашылып 
жабылатын, бір-біріне еркін кіретін, екі бөліктен (корпус және қақпақ) 
тұратын құтылар.
Сурет 23. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет