Оқулық шымкент, 2018 жыл


Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар технологиясы



Pdf көрінісі
бет77/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, umk top rak korgau eginshiligi 2, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар технологиясы 
Құрамында улы немесе күшті әсер ететін заттары бар рецептілерді 
қабылдаған кезде, фармацевт пациенттің жасын ескере отырып, жазылған 
ингредиенттердің сыйымдылығын, дозасының дұрыстығын тексеріп, улы 
заттардың астын қызыл қарындашпен сызуы керек. 
Есірткі және естен тандыратын дәрілік заттарға рецептіні мемлекеттік 
денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін дәрігерлерге жазуға рұқсат 
етіледі. 
Улы және есірткі дәрілік заттардың атаулары рецептіде бірінші кезекте, 
әрі қарай басқа дәрілер жазылады. 
Рецептіге денсаулық сақтау ұйымының басқарушысы немесе оның 
орынбасары қол қойып, денсаулық сақтау ұйымының (елтаңба) мөрімен 
расталады. 
Сонымен бірге құрамында улы дәрлік заттары бар рецептіде дәрігердің 
қолы мен мөрі және мекеменің «Рецепт үшін» мөрі қойылады. 


118 
Рецептіде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың дозасы жоғары 
реттік дозадан жоғары мөлшерде жазылса, дәрігер ол дозаны жазумен жазып 
леп белгісін қоюы тиіс. Дұрыс рәсімделмеген рецептімен дәрі босатылмайды.
Дәрілік түрдің құрамына кіретін улы және есірткі заттарды ассистенттің 
қатысында фармацевт-технолог өлшеп беріледі, содан соң, штанглас тез арада 
сақталатын шкафқа қайта салынуы тиіс. Рецептінің кері бетінде және тіркеу 
журналында улы және есірткі заттарды фармацевт-технолог босатқаны 
туралы, ал фармацевт улы затты көрсетілген мөлшерде қабылдап алғаны 
туралы қол қояды және күні көрсетіледі.
Улы зат тез арада дәрілік түрді дайындауға қолданылады. Дайын дәрілік 
түр безендіріліп, сүргіленеді және босатқанға дейін жабылатын шкафта 
сақталады. 
Рецептідегі улы, есірткі және күшті әсер ететін заттарды басқа 
ингредиенттерден бөлек босатуға болмайды. 
Егер дәрігер рецептіде улы, есірткі немесе күшті әсер ететін дәрілік 
заттардың дозасы, арнайы тиісті рәсімделусіз, жоғары реттік дозасынан артық 
мөлшерде көрсетілсе, онда фармацевт нормативті құжатта жоғары реттік 
дозасы деп белгіленген дозаның 50% мөлшерінде босата алады. 
Құрамында есірткі дәрілік заттары бар (этилморфин гидрохлориді, 
кодеин, кодеин фосфаты, этаминал натрий, барбамил) дәрілік препараттар 
арнайы рецептуралық бланкіде жазылып, аймақтық емдеу-профилактикалық 
ұйымдарымен бекітілген дәріханалардан босатылады. 
Құрамында улы, есіркі заттары бар дәрілерді дәріханадан босатқанда 
науқасқа рецепт орнына сигнатура ( рецепт көшірмесі) беріледі. 
Құрамында күшті әсер ететін заттары бар күрделі ұнтақ дайындау. 
Rp.: Dimedroli 0,05

Sacchari 0,3
Mіsce fіat pulvіs. 

Da tales doses numero 6 

Sіgna. 
1 ұнтақтан күніне 3 рет 
Рецепт құрамына күшті әсер ететін зат (димедрол) және кристалды зат – 
қант кіретін күрделі ішуге арналған дозаланған ұнтақ берілген. Ұнтақ 
бөлінген әдіспен жазылған. 
Димедролдың дозасын тексеру 
Рецепт бойынша Фармакопея бойынша 
ЖРД 0,05 г
0,1 г 
ЖТД 0,05∙3=0,15 г 
0,25 г 
Қорытынды: Дозасы аспаған. 
Дәрілік заттардың жалпы ұнтақ санына қажетті мөлшері есептеледі. 
Ол үшін рецептідегі заттың бір доза салмағын ұнтақ санына көбейтеді. 
Димедрол 0,05 • 6 = 0,3 
Қант 0,3 • 6 = 1,8 


119 
Ұнтақтың жалпы салмағы m
ж
= 0,3 + 1,8 = 2,1 
Бір ұнтақ салмағы m
1
=2,1: 6 = 0,35 
Барлық есептеулер алдын-ала жүргізіліп, бақылау паспортының кері 
бетінде көрсетіледі. 
Технологиясы. Келіде 1,8 г қантты ысқылап, шамамен 0,3-0,4 г 
қалдырып, қалғанын капсулаға төгеді. Келіге 0,3 г димедролды салып, мұқият 
қантпен араластырады, бөлшектеп қалған қантты қосып біртекті ұнтақ 
алынғанша араластырады. Ұнтақталу дәрежесін және біртектілігін тексеріп, 
ВР-5 қол таразысымен 0,35 г-нан өлшеп, 6 балауыз капсулаға бөледі. Ішуге 
арналған дәрі ретінде безендіреді. 
Бақылау паспорты латын тілінде дәрілік түрді дайындап болған соң, 
жатқа технологиясына сай жазылады. 
Бақылау паспорты 
Күні
рецепт № 
Sacchari 0,3
 
 
 
Dimedroli 0,05


 
m
ж
= 2,1 m
1
= 0,35 №6 
Дайындаған:
қолы 
Тексерген:
қолы 
Босатқан: 
қолы
Rp.: Dibazoli 0,1

Sacchari 0,3
Mіsce fіat pulvіs. 

Da tales doses numero 10 

Sіgna. 
1 ұнтақтан күніне 3 рет 
Дибазол күшті әсер ететін зат.
Дозасын тексеру 
Рецепті бойынша Фармакопея бойынша 
ЖРД 0,1 г
0,05 г 
ЖТД 0,1∙3=0,3 г
0,15 г 
Дозасы жоғары. 
Берілген жазылымда дибазолдың реттік және тәуліктік дозалары жоғары 
және ол туралы рецептіде арнайы сілтемелер жоқ (леп белгісі және дозасы 
жазумен жазылып берілмеген). Бұл жағдайда, дибазолдың нормативті 
құжаттағы жоғары реттік дозасының жарты мөлшерін бір рет ішім дозасы 
ретінде алынса, дәрілік препаратты дайындауға болады. 
Есептеу: Дибазолдан 0,05 : 2 = 0,025 бір ішім дозасы есеп бойынша 
0,025 • 10 = 0,25
Қанттан
0,3 • 10 = 3,0 
m
ж
= 0,25 + 3,0 = 3,25 
m
1
= 3,25: 10=0,325≈0,32 


120 
Бақылау паспорты 
Күні
рецепт № 
Sacchari ,3,0
 
 
 
Dibazoli 0,25
 

 
m
ж
= 3,25 m
1
= 0,32 №10 
Дайындаған:
қолы 
Тексерген:
қолы 
Технологиясы алдынғы рецептімен бірдей. 
Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың мөлшері жалпы ұнтақ 
салмағына есептегенде 0,05 г кем мөлшерде жазылса, онда олар тритурация 
түрінде қолданылады. 
Тритурация (латын сөзінен 
trіturatіo
– ысқылау) алдын-ала улы немесе 
күшті әсер ететін заттардың сүт қантымен 1:10, 1:100 қатынасында 
дайындалған қоспасы. 1:10 қатынасы – мұнда тритурация құрамына 1 г улы 
немесе күшті әсер ететін зат және 9 г сүт қанты кіреді, ал 1:100 – 1 г улы 
немесе күшті әсер ететін зат және 99 г сүт қанты болады. 
Тиритурацияны қолдану улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың 
дәл дозалануын қамтамасыз етеді, себебі 0,05 г аз мөлшердегі затты жоғары 
дәлдікпен қол таразымен өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар тритурациялар 
аз мөлшердегі улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың жалпы ұнтақ 
массасында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. 
Тритурацияда толықтырғыш ретінде жиі сүт қанты қолданылады, себебі, 
ол гигроскопты емес, басқа заттармен салыстырғанда, химиялық және 
фармакологиялық индифферентті: иіссіз, тәтті дәмді, уытты емес. Сүт 
қантының тығыздығы – 1,52 г/см

және ол көптеген улы заттардың 
(алкалоидтардың) тығыздығына жақын, бұл белгілі дәрежеде қоспаның 
қатпарланып кетуіне жол бермейді. 
Тритурацияларды фармацевт-технолог күшті әсер етуші және улы 
заттармен күрделі ұнтақтар дайындау ережелеріне сай дайындайды. 
Тритурациялардың сапасын және сандық мөлшерін фармацевт-аналитик 
тексереді. Қателік жібермеу үшін дәріханада тритурация бір концентрацияда 
дайындалуы керек. Егер улы заттардың тәуліктік дозасы миллиграммен 
немесе миллиграммнан төмен мөлшерде берілсе, онда тритурация 1:100 
қатынасында дайындалады; егер тәуліктік дозасы сантиграммен берілсе – 
тритурация 1:10 қатынасында дайындалады. 
Тритурацияны қатпарланып кетуден сақтау үшін оны кіші штангласта 
сақтайды және әр 15 күн сайын келіде араластырып отырады. 
Штангласты арнайы безендіреді, мысалы: 
 
Trіturatіo 
1,0 Atrophіnі sulfatіs + 99,0 Saccharі lactatіs (1:100) 
немесе: 
0,001 г Atrophіnі sulfatіs = 0,1г trіturatіonіs 1:100 


121 
Күшті, улы, есірткі дәрілік заттармен рецептілерді жазу, босату, 
қабылдау, сақтау, қолдану және оларды тіркеу келесі бұйрықтарға:
- ҚР ДСМ 01.11.1996 ж. № 481 «Улы, есірткі және күшті әсер ететін 
дәрілік құралдарды алу, сақтау, қолдану және есеп алу ретін жақсарту 
туралы»; 
- ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 «Қазақстан 
Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен 
прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту 
туралы» бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тритурацияның қандай қатынасын алуды таңдаудан бұрын, улы және 
күшті әсер ететін заттардың барлық дозаға қажетті жалпы салмағын 
есептейді. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет