Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет86/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ұнтақтарды 
жартылай 
фабрикаттарымен 
дайындау. 
Жартылай 
фабрикаттар алдын-ала дайындалған 2-3 және одан да көп ингредиенттердің 
белгілі бір қатынаста алынған ұнтақтар қоспасы. Жартылай фабрикаттардың 
рецептурасын дәріхана анықтайды, бірақ, олардың құрамы бақылау 
лабораториясында бекітіледі. Жартылай фабрикаттар құрамындағы дәрілік 
заттар бір бірімен әрекеттеспеуі, сақталу мерзімі ұзақ болуы керек. Жартылай 
фабрикаттарды қолданған кезде ұнтақтарды дайындау жылдамдығы артады
себебі, бір өлшеген кезде бірден 2, 3 және одан көп ингредиенттердің қоспасы 
өлшенеді. Дәріханада төменде келтірілген жартылай фабрикаттар 
қолданылады: 
1.
Мырыш тотығы + тальк бірдей мөлшерде, 25
0
С температурада сақталу 
мерзімі 30 тәулік; 
2.
Мырыш тотығы + тальк + крахмал бірдей мөлшерде, 25
0
С температурада 
сақталу мерзімі 30 тәулік; 
3.
Ксероформ сеппесі (жаңа туылған балаларға) стерильденген. 25
0
С 
температурада сақталу мерзімі 15 тәулік; 
4.
Димедрол 0,03 + қант 0,25; 


131 
5.
Салицил қышқылы + фенацетин бірдей мөлшерде; 
6.
Папаверин гидрохлориді + дибазол бірдей мөлшерде және т.б. 
Егер рецептуралық жазылым дәріханадағы жартылай фабрикатқа сай 
келсе, онда жартылай фабрикаттың керекті мөлшерін алып, дозалайды. 
Егер жазылым жартылай фабрикат құрамына сәйкес келмесе, онда 
қажетті ингредиенттерді, олардың физика-химиялық қасиеттеріне және 
жазылымдағы қатынасына сәйкес, енгізеді, мысалы:
Есептеулер: 
Rp.: Sulfurіs
5,0 
Hexamethylentetramіnі
5,0 
Acіdі borіcі ana 5,0
5,0 

Zіncі oxydі
10,0 

Talcі ana 10,0
10,0 

Mіsce fіat pulvіs.
 m
ж
 = 35,0 

Da. Sіgna. 
Aяққа арналған сеппе 
Берілген дәрілік заттар бір бірімен сыйымды. Ұнтақ дозаланбаған
сыртқа қолдануға арналған.
Жартылай фабрикат: Мырыш тотығы
Тальк бірдей мөлшерде 20,0 
Күні: ……, № рецептің бақылау паспорты:

 
Hexamethylentetramіnі 5,0 

Acіdі borіcі 5,0 

Sulfurіs 5,0 

Zіncі oxydі |
Talcі ana | 20,0
 m
ж
 = 35,0 
 
 
Келіге 5,0 г бор қышқылын өлшеп салып ұнтақтайды (басқаларға 
қарағанда кристалды зат ретінде) гексаметилентетрамин және күкіртті қосып, 
ұнтақтайды. Ең соңында 20,0 г жартылай фабрикатты қосып, мұқият 
араластырады, біркелкілігін тексереді. Дайын сеппені бұралатын қақпағы бар 
шыны құтыда босатады, себебі, гексаметилентетрамин гигроскопты зат, 
мырыш тотығы ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді. Дәрілік түрді сары түсті 
«Сырт тәнге» этикеткасымен безендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет