84
Дәрілік түрлер технологиясында физиологиялық белсенді заттардың
тотығуы жиі жүретіндіктен, дәрілік заттар және бірқатар қосымша
компоненттер (жағар май және суппозиторий негіздері) ертінділеріндегі
тотығу-тотықсыздану
процестерін
тоқтататын
тұрақтандырғыштар
қолданылады. Тотығуға әсіресе, қанықпаған майлы қышқылдар, альдегидті,
фенолды топтары бар қосылыстар, полимерлі орамдаушы материалдар
сезімтал келеді. Тотығу реакцияларын антиоксиданттар деп аталатын
қосымша заттарды қосу арқылы тоқтатуға болады. Табиғи және синтетикалық
белгілі антиоксиданттардың саны өте көп, мысалы, оларға фенол
туындылары, ароматтық аминдер, күкірт туындылары (натрий сульфиті,
натрий метабисульфиті, ронгалит, тиомочевина және басқалар), трилон Б,
аскорбин қышқылы, токоферолдар және басқа қосылыстар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: