Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет131/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
 
 
 
 
 
 
Сурет-40. Педагогикалық инновацияның құрылымдық жүйесі
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып 
табылады.
 
Педагогикалық инновацияның 
құрылымдық жүйесі
Педагогикалық 
неология 
Педагогикалық 
аксиология
Педагогикалық 
праксиология 

Педагогикалы
қ құндылық 
тұрғысынан
оқыту 

Педагогика 
теориясы мен 
практикасында 
пайда болған 
жаңалықтарға 
педагогикалық 
қауымның өзіндік 
бағасы 

Педагогикалы
қ қауымның 
жаңаны бұрыннан 
қоғамда бар 
педагогикалық 
жүйемен 
салыстыру 
(қолдану не 
тойтару) 

Педагогикалы
қ жаңалықты 
эксперименттік 
бағалау және 
талдау әдістемесін 
жасау 

Педагогикалық 
құндылық 
тұрғысынан оқыту 

Педагогикалық 
жаңалықтарды 
практикада қолдану 
негіздері
тұжырымдалады 

Тиімді 
педагогикалық іс-
әрекет жайлы оқу, 
педагогикалық 
жаңалықтарды 
практикада қолдану 
негіздері 
тұжырымдалады 

Инновацияны 
жүзеге асыратын 
арнайы қызметті 
ұйымдастыру 
(педагогикалық 
идеяларды практикаға 
енгізу, тиімді 
тетіктерін жасаудың 
теориялық
негіздемесін жасау) 

Жаңашылды
қ, инновациялық 
оқыту 

Жаңаны 
ойлап табу (жаңа 
педагогикалық 
идея, фактілер, 
тұжырымдар, 
теориялар, 
әдістемелер, 
құралдар) 

Ғылыми-
педагогикалық 
процестің негізгі 
ерекшеліктері- 
шығармашылық, 

Нәтижелері 
жайлы ғылыми 
білімді жүйеге 
келтіріп, дамытады 

Мұғалімнің 
оқушының 
шығармашылық іс-
әрекетіне талдау 
жасауы 


89 
Тәжірибеге жүгінсек, аксиология үшін құнды нәрсе тек қана педагогикалық 
және ғылыми-педагогикалық құбылыстардың құндылығын анықтау ғана емес, 
сондай-ақ оларды бағалау критерийлерін де анықтау: жаңашылдық деңгейі, 
өзектілігі, теориялық және практикалық құндылықтары.
Адамның іс-әрекетінің тиімділігін зерттейтін ілім 
праксиология
деп 
аталады. Праксиологияның негізін қалаған поляк ғалымы Т.Котарбинский 
болды, ол адамның барлық іс-әрекетінің заңдылықтарын анықтап, соның 
негізінде адами іс-әрекеттердің жалпы ережелерін ашуға тырысты. 
Праксиология іліміне сәйкес, жаңаны практикаға ендіру мәселесі мен оның 
әртүрлілігіне жаңаша қарау қажет. 
Басқару дегеніміз – қоғамдық өндірісті нысаналы түрде ұдайы үйлестіріп 
отыру. Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала көрегендік, ұйымдастыра білу, 
бұйрық беру, үйлестіру және бақылау. 
Басқарудың 2 жағы бар: еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты;басқару 
қашан да билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір 
мақсатты іске асырумен байланысты. Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу 
үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол 
төмендегідей буындардан тұрады: жалпы қоғамдық өндірісті басқару;
материалдық игіліктерді өндіруді басқару; рухани игіліктер өндіруді басқару 
және қызмет көрсетудi басқару. 
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастыру мен мақсатын 
таңдап алу болып табылады. Адамның кез келген қызметінің басты белгісі – 
нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға 
нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың басты айырмашылығы – басқару субъектісі 
басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты 
нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық 
шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің 
лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық 
экономикаға оңтайлы енуді қамтамасыз ету болып табылады.
Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы 
пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен
біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін 
тұтас етіп (белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс. 
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың 
біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен 
қағидаларын зерттейді, ал ол тар мағынада алғанда «басшылық теориясы» деп 
аталады. Екіші бөлігі «басқару өнері» деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен 
алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір 
категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын 
қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.
ХХ 
ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері зерттеле бастады. 1991 


90 
жылы ғалымдар – К.П.Вазина, Ю.Н.Петрова, Қ.Д.Белиловскийдің еңбектерінде 
«педагогикалық менеджмент» термині пайдаланып, ғылымға енгізілді. 
«Менеджмент» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар ұсынады. 
Мәселен, менеджменттің педагогикалық мән-мағынасын қарастырған ғалым 
Т.М.Баймолдаев: «Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара 
қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік 
іскерліктің ерекше формасы» деп көрсетсе, ал ғалым Ю.А.Конаржевский: 
«Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің 
жиынтығы» - деп, менеджментті әрбір адамның білуін, меңгеруін ұсынады. 
Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді. Егер басқару оң 
нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық 
жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында. 
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, 
менеджмент
(ағылшын тілінде –
басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – өндіріс пен іс-әрекетті басқару құралы мен 
формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру 
мен пайданы еселеп ұлғайту, ал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет