Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар



Pdf көрінісі
бет187/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Тәрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар 
тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты - жан-
жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тәрбие 
мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтары, мәдениеттілік, жеке 
тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, 
тәрбие процесін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік 
тұрғысы негізіндегі қазіргі анықтамалары. 
Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие 
теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар оқудан тыс кезеңдегі 
тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді. 
Тәрбие теориясын зерттеуге қомақты үлес қосқандардың бірі – 
А.С.Макаренко. Ол тәрбие процесінің төмендегідей ерекшеліктерін ашып 
көрсетті:тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы; тәрбиенің дамуы мен өзгеруі; 
қарама-қайшылықты сипаты; басқарылуы.
Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа 
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. 
Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы, 
сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандырылуы. 
Мақсат педагогикалық іс-әрекеттің компоненті болып табылады. Сонымен 
қатар, мақсат – субъект саласында оның қоршаған ортамен өзара ықпал 
байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет