Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі



Pdf көрінісі
бет186/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
3.1.2 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі 
 
Мақсат 

ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. 
Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық процестің жүйе түзуші факторы. 
Педагогикалық процестегі мақсаттардың иерархиясы. 
Тәрбиелеу процесі дегеніміз

жеке адамды әлеуметтік тұрғыдан 
қалыптастыруда, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір 
әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған 
сезіммен қарауға тәрбиелеу. 
Тәрбие процесінің мәнін ашуда Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, 
С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. үлес қосты. 
Тәрбие процесі арқылы жасөспірімдер халықтың материалдық және рухани 
байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді.
Тәрбиенің мақсаты
– 
қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі 
мен дене күші мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған креативті жеке 
тұлғаны қалыптастыру. 
Тәрбиенің негізгі міндеттері: 
-
жалпы адамзат қоғамы жинақтаған мәдени байлықты танып білуге 
қатысу; 
-
ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқара білу, өз 
беделін кез келген ортада, кез келген жағдайда сақтап, қорғай білу; 
-
жас ұрпақтың білімге, ғылымға деген ынтасын, ықыласын арттыру,
ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру; 
-
жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін 
терең сезінетін жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты 
аялап, оны қорғай алатын зияткер тұлғаны тәрбиелеу; 
-
жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық 
тәрбие беру және оларды сұлулыққа, тазалыққа үйрету; 
-
жас ұрпақты саламатты өмір сүруге баулу; 
-
қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес 
үлгісін қалдырған батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін 
қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу; 


131 
-
мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарау, оны жүзеге 
асыруға дайын және ынталы болу; қоғамдық заң ережелерін бұзушылыққа 
төзбестік білдіру, бұл жолда азаматтық жауапкершілік көрсету, адамгершілікке 
жат кеселдерге қарсы күресуді әрбір жастың күнделікті мінез-құлқына 
айналдыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет