Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті - ҚР тәрбие процесінің басымды



Pdf көрінісі
бет245/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті - ҚР тәрбие процесінің басымды 
бағыты. 
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның 
қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. 
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен 
тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. 
Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, 
жалпыұлттық құндылықтар да жатыр. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұлтымыздың ұлы 
бағдары «Қазақстан – 2050» стратегиясының түп қазығы етіп «Мәңгілік Ел» 
ұғымын ендірді. «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ХХІ ғасырдағы 
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық 
патриотизм дегеніміздің өзі де – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан
қоғамының ұлы құндылығы – Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы 
мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту 
және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген көзқарасты білдіреді. 
Отаншылдық-елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған 
топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан 
Отаншылдықтың 
қайнар 
көзі 
адамгершілік 
құндылықтар 
болмақ. 
Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын 
мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты 
рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен, биліктің басқаруымен енгізу 
мүмкін емес. 
«Азамат» ұғымын мемлекеттік деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның
тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда 
бұл адам құқығымен азамат құқығының аражігін ажырататын ұғым. Өйткені, 
азамат белгілі бір мемлекеттің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және 
оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді. 
Азаматтылық – қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз «Менін» танып, 
қастерлей білуі. 


173 
Тәрбиенің сапалық деңгейі тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби 
шеберлікпен жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның бойында 
толеранттылықты қалыптастырудың төмендегідей принциптерін басшылыққа 
алған жөн: 
-
тұлғаның қателікке бой алдырмауы және мектеп Жарғысының аясында 
жеке бастың құқығын мойындау; 
-
тұлғаның жеке көзқарасы, принциптері, адамдар мен айналадағы дүниеге 
қарым-қатынасы болу құқығын мойындау, толерантты болу. 
Толеранттылық
(лат. tolerantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға 
жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің 
нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн 
қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай – ұстамдылықтан, 
сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз іс-
әрекеттерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады. 
Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің 
ұстанымдарыма 
жат 
болса 
да, 
қабылдаймын 
дегенді 
білдіреді.
XVIII ғасырдағы француз жазушысы және философ Вольтер: «Сіздің пікіріңіз 
маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын» –
деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара 
сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан толеранттылық екі жақты 
сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай 
білуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет