Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбие процесінің негізгі құралдары



Pdf көрінісі
бет253/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Тәрбие процесінің негізгі құралдары 
Материалдық 
және рухани 
құндылықтар
Бейне, зат
( табиғат) 
Іс-әрекеттер 
( қарым-
қатынас) 


178 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі 
қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген 
мақсат-міндеттеріне, оқушылардың нақты өмір жағдайына, сыныптағы немесе 
жекеленген оқушылардың (тәрбие міндеттеріне сай) жетістіктері мен 
кемшіліктеріне байланысты атқарылады: 
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын 
ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, нақыл сөздер 
жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету. 
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, 
өнер қайраткерлерімен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс 
ардагерлерімен және т.б.). 
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, 
шолулық, жедел хабар. 
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған 
байқауларды ұйымдастыру. 
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай 
көрмелер өткізу. 
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу. 
7. Оқушылармен сыр-сұхбат, дөңгелек үстел, пікірталас, әңгіме түрінде 
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, 
баскетбол, футбол, шаңғы тебу және т.б. 
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар 
оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алмасуын ұйымдастыру. 
10. Кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып, оқырмандар мәжілістерін 
өткізу. 
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, 
қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық 
және т.б. 
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, 
жарыстар өткізу. 
13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.
14.
Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа 
қатысуын, кабинетті жабдықтау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп 
маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы 
жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру. 
15.
Мұражай, көрме, демалыс-мәдени орындар, кино, театр, өндіріс 
орындарына саяхат жасау. 
16.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу. 
17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету 
жұмыстарын ұйымдастыру. 
18. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын 
ұйымдастыру. 


179 
1-4 бастауыш сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесі арқылы олардың
қабілетін ұштау, әлеуметтік орындарға көзқарасын дұрыс қалыптастыру және 
сыйлауға баулу міндеті қойылады да, осыған бағытталған «Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Көзіңмен көргенді, қолыңмен 
жасауды қалайсың ба?» және т.б. жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады. 
5-9 
сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі 
қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде өзінің саяси ұстанымын
және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам»
дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жеке тұлға қалай 
қалыптасады ?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады. 
10-11 сыныптарда әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық 
қасиеттерін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру міндеті 
қойылады да, «Менің алғашқы жобам!» идеялар аукционы, әлеуметтік жобалар 
сайысы, «Біз бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» дөңгелек үстел, 
«Жаныңда 
жүр жақсы адам» ойталқы сынды жұмыс формалары 
ұйымдастырылуы керек. 
Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып, әр буынға көшкен сайын 
әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша 
жұмысты ұйымдастыру формасы және өткізілетін тәрбиелік шараның 
тақырыптары да күрделене түседі. 
Сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен
тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар оқушылардың әртүрлі
іс-әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие 
жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады. 
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда 
басымдылық жағдайда болғандықтан, оның мазмұнын анықтауда оқушының
әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген 
жөн (76-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет