Сөж тақырыбы: «Жалпы ғылыми және арнайы стандарттау әдістерді» Орындаған: Қабылдаған: Алматы 2022 жыл Жоспар



бет1/5
Дата02.12.2022
өлшемі225,45 Kb.
#160916
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жалпы ғылыми және арнайы әдістерді стандарттау


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
Коммерциялық емес акционерлік ұғымы
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы



СӨЖ
Тақырыбы: «Жалпы ғылыми және арнайы стандарттау әдістерді»

Орындаған:


Қабылдаған:
Алматы 2022 жыл
Жоспар



Кіріспе 3
І. Негізгі бөлім 6
1.1 Стандарттаудың ең көп қолданылатын жалпы ғылыми әдістері 6
1.3 Арнайы стандарттау әдістері 10
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе


Стандарттау әдістері - стандарттаудың мақсатына жету үшін ңолданылатын жекелеген тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістерге негізделеді.
Стандарттардың кең тараған әдістері: 1) стандарттау объектілерін ретке келтіру; 2) параметрлік стандарттау; 3) өнімді сөйкестендіру; 4) агрегаттау; 5) кешенді стандарттау; 6) стандарттаудың болжауға негізделген әдісі.
1) Стандарттау объектілерін ретке келтіру. Стандарттау жұмыстары өр алуан болып келеді. Ретке келтіру - әр түрлі әдістерді қолданып, осы әр алуан жұмыстарды мүмкіндігінше ңысңарту. Бұл әдістер: жүйелеу, түрлендіру, оқтайлау, т.б.
Стандарттау объектілерін жүйелеу - стандарттау объектілерінің жиынтығын ғылыми тұрғыдан негіздеп сыныптау және ретке келтіру. Мысал ретінде Жалпы-ресейлік өнімдер сыныптауышын (ОКП) келтіруге болады. ОКП сыныптаушылың пен ассортименттік (әр алуан тауарлар жинағы) бөлімдерден тұрады. Сыныптаушылық бөлімі сыныптауыш топтардың кодтары мен атауларының жүйелік жиынтықтары (класс - класс бөлімдері - топтар - топтар бөлімдері - түрлер), ал ассортименттік бөлімі наңтылы түрлерді, таңбалауларды, т.б. қсастандыратын кодтар мен атаулар жиынтықтары.
Стандарттау объектілерін түрлендіру - үлгі болып саналатын объектілерді, конструкцияларды, құрылымдарды, технологияльщ ережелерді, құжаттарды жасауға бағытталған жұмыс. Мысалы, 60-шы жылдары телеви-зорлардың 100-ге тарта конструкциялың шешімдері пайдаланылған. Кейіннен осындай алуан шешімдерді қысқарту мәселесі туындаған. Жүйелеу жұмысының негізінде экран диагоналіне байланысты олардың үш нұсқасы іріктеліп алынған - 35,47 және 59 см. Әрбір нұсқалардан ең жақсы кестелер іріктелініп алынып әрі қарай жетілдірілген. Осы жүмыстар нәтижесінде үлгілі конструкциялар УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59 жасалды.
Стандарттау объектілерін оңтайландыру кезінде оңтайлы басты параметр және басңа да сапа мен экономикалық тиімділік көрсеткіштері анықталады. Оңтайландыру арнайы экономикалық-математикалық әдістерді және оңтайландыру модельдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Оңтайландырудың мақсаты оқтайлы дсңгейдегі реттеуге және мүмкіндігінше ең жоғары мөлшердегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
2) Параметрлік стандарттау - параметрлік қатарларды аныңтау процесі.
Стандарттаудың басты мақсаттарының бірі, ол -халық шаруашылығында олданылатын бұйымдардың атауларын мүмкіндігінше қысқарту. Ол үшін стандарттарды жасауға қатысты мына мәселелерді шешу қажет: бұйымдарға қатысты параметрлерді анықтау, стандартталатын параметрлердің өзгеруі, диапазонның өзгерісін анықтау, диапазон аралығын лайыңты параметрлік қатарға бөлу. Параметрлер басты, негізгі және көмекші болып бөлінеді. Басты параметр деп негізгілер ішінен іріктеліп алынған, бұйымды жан-жақты толық сипаттайтын, ұзақ уаңыт өзгермейтін, ал өзгерсе де тек ғана ете қүнды бұйымдар пайда болғанда ғана өзгеретін параметрді айтады. Стандартталатын параметрлер саны мүмкіндігінше аз, бірақ та бүйымды толық сипаттайтындай болуы керек. Көмекші көрсеткіштер әр түрлі жиі болып тұратын өзгерістерге байланысты болғандықтан олар да жиі өзгеріп тұрады. Осы себепті олар стандарттарда келтірілмейді.
Стандартталатын басты параметрдің өзгеру диапазоны, параметрдің ең кіші және ең үлкен мөлшерлерімен шектеледі. Бұл мөлшерлер бұйымның қолдану аймақтарын және стандартты қолдану мерзімін ескере отырып анықталады. Диапазонды жіктеу немесе параметрлік ңатарды тұрғызу деп екі қатар сандар арасындағы ин-тервалдың өзгеру заңдылығын анықтауды айтады. Бұл заңдылыңтар көп жағдайда ерекшелік принципі негізінде ерекше сандарды қолдану арқылы қалыптастырылады.
Ерекше сандар белгілі заңдылықңа бағынатын сандардың ңатарын түзейді. Мұндай қатарлар көп жағдайда ариф-метикалың және геометриялың прогрессиялар түрінде құрылады. Арифметикалық прогрессия түрінде құрылған қатарларда екі қатар орналасқан «а.» және «а» сандарының айырымы тұрақты сан болады, яғни д,=а- аіЛ тұрақты. Мысалы, бұйымның мөлшері 20-дан 110 мм дейін езгеретін болса, онда: 20, 25, 30, 35, ..., 100, 105, 110 мм түрінде қүрылған қатар й = 5 мм арифметикалық прогрессия түзейді. Арифметикалық прогрессия түріндегі қатарлардың негізгі кемістігі, ол ңатардағы мөлшерлердің қарастырылып отырған мөлшерлер шегінде біркелкі таралмауы.
Геометриялық прогрессия түрінде құрылған қатарларды екі қатар орналасқан «а» және «а.л» сандарының қатынасы тұрақты сан. Бұл қатынас ) прогрессия көрсеткіші деп аталады. Мысалы сандар қатары 1; 1,6; 2,5; 4; 6,3; 10; 16;... геометриялық прогрессия түріндегі қатар, ал оның көрсеткіші й= 1,6.
Прогрессияның бұл түріне тән жағдайлар: 1) қатарда мөлшерлердің біркелкі таралуы; 2) қатардағы кез келген екі санның көбейтіндісі немесе қатынасы осы қатар мөлшерлерінің біріне тең (1,6 х 2,5; = 4,0 ж.б); 3) Қатар сандарының қай-қайсысы болса да толық оң немесе кері санға дәрежеленсе оның нәтижесі осы қатардағы санның біріне тең болады. (1,63=4,0, 7Гб = 4 ж.б.). Екінші және үшінші жағдайлардың практикалың маңызы зор. Өйткені квадрат, куб, тік төртбұрыш, ж.б. түріндегі денелердің ңабырғалары геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін қатар түзесе, осы денелердің ауданы мен көлемдерінің мәндері осы қатарлардағы сандардың біріне тең.
Стандарттарда қажетті қатарлар түзеу үшін прогрессиялардың екі түрі де қолданылады, бірақ та геометрия-лық прогрессия түріндегі қатарлар жиірек қолданылады.
Көптеген жылдар жинаңталған тәжірибе геометрия-лық прогрессия көрсеткіші ретінде санын қолдану тиімді екенін көрсетті. Мүнда - X - 5, 10, 20, 40 неме-се 80 тең дәреже көрсеткіші.

  • Өнімді сәйкестендіру - функционалды қолдану жағдайлары бірдей бөлшектер мен агрегаттар түрлерін үтымды ңысқарту. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары:

  • бұйымдардың, машиналардың, приборлардың, түзілімдер мен бөлшектердің параметрлік және мөлшерлік ңатарларын дайындау;

  • біртекті өнімдердің сәйкестендірілген топтарын құру үшін қажетті типтік бұйымдарды ірікте;

  • сәйкестендірілген технологиялық үдерістерді дайындау;

  • қолдануға рұқсат етілген бұйымдар мен материалдардың атауларын ұтымды деңгейде шектеу.

Сәйкестендіру деңгейін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштердің бірі - қолданылу коэффициенті (Кп). Бұл коэффициент былай аныңталады:


п мұндағы п - бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны, ал по - солардың ішіндегі жаңадан жасалған бөлшектер саны.
Қолданылу коэффициенті жекелеген бұйымдарға мөлшерлер (параметрлер) қатарын түзейтін бұйымдар тобына, конструкциялың сәйкестендірілген қатарларға есептеліп шығарылады.
4) Агрегаттау - машиналарды, приборларды, құралжабдықтарды әр түрлі бұйымдарды геометриялық және функционалдың өзара алмастыру үшін қолданылатын жекелеген стандартталған жөне сәйкестендірілген түзілімдерден құрастыру әдісі.
Агрегаттау әдісін қолданудың алғашңы қадамы әр түрлі бұйымдарды біркелкі жұмыс атңаратын түзілімдерді анықтаудан басталған. Осындай біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерден сәйкестендірілген. Агрегаттар, түзілімдер және бөлшектер жасау негізінде агрегаттау әдісін машина жасау жөне радиоэлектроника салаларында кең қолдану мүмкін болды.
5) Кешенді стандарттау. Белгіленген мәселені оңтайлы шешу үшін кешенді стандарттауда өзара үйлестірілген талаптар тек ғана оның объектісіне ғана емес, сондай-ақ осы объектінің әрбір элементтеріне мақсатты және жоспарлы түрде тағайындалады және қолданылады. Өнімге қатысты ол дайын бұйымның сапасына және осы сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті шикізаттарға, материалдарға, жинаңталған бөліктерге қойылатын өзара үйлестірілген талаптар.
6) Стандарттаудың болжауға негізделген әдісі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны жоғарылаған сайын жаңа ғылыми жаңалықтардың ашылу және оларды өндіріске енгізу аралықтары қысқарады. Осыған байланысты стандарттарда келтірілген бұйымдардың негізгі параметрлер деңгейі тез ескіріп отырады. Бұл жағдайда мәселенің шешімі - ол стандарттарда болжау негізінде анықталған ілгері уақыттарда болатын параметрлер деңгейін белгілеу болып табылады. Параметр деңгейін тағайындаудың бір түрі, ол - параметрдің өр түрлі деңгейлерін қамтитын сатылы стандарттар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет