Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет352/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Үйірме жұмысының
негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар 
үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, 
байқаулар және олимпиадалар өткізеді. Кеңестер оқушыларға жеке 
тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар 
сұрақтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған 
мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға 
беріледі. 
Олимпиадалар және байқаулар.
Олимпиадалар аудандық, облыстық
республикалық байқаулар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар 
мен байқаулар ғаламтор желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың 
техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы 
жұмыстары көрсетіледі. 
Конференциялар.
Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар 
баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 
нәтижелері бойынша ғылыми жоба жасауға әзірленеді. Конференцияны 
сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде 
өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол 
мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп 
қорғайды. Конференцияның өтеті туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. 
Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға 
мұғалім, не мамандар кеңес береді.
Конференцияның ұзақтығы – 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. 
Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар 
баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар 
еңгізеді. 
Конференцияның 
соңында 
мұғалім 
қорытындылап, 
баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен 
тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен 
шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады. 
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. 
Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет