Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


 Сабақ – оқытудың негізгі формасы



Pdf көрінісі
бет360/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
3.3.4 Сабақ – оқытудың негізгі формасы 
 
Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ 

педагогикалық процестің уақыт 
бойынша шектелген, логикалық аяқталған бөлігі. Сабақ 

тұтас жүйе, 
оның компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік). 
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақ – мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытудың 
сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы 
әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай 
тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің 
тапсырмасын сабақ
 
барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. 
Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда атақты чех 
педагогі Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен 
салыстырғанда, сыныптық-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап 
өтуге болады:
-
сабақ құрылымын тиімді етіп құру;
-
барлық оқу-тәрбие процесін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым 
дәрежеде басқару;
-
оқу мәселесін талқылағанда оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа 
түсу мүмкіндігін пайдалану:
-
белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау; 
-
уақытты үнемді пайдалану;
-
сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының 
бәсекеге түсуі;
-
жүйелілік пен оқушының одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке 
жетіліп отыруына ұмтылдыру.
Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және 
сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский 
сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп 
заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар: 
-
оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай
ешкімді босатпау; 
-
оқушыларды сыныптарға бөлу; 
-
әр сыныпқа бір бөлме беру; 
-
күніне кем дегенде 4 сабақ өткізу; 


246 
-
әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; 
-
қоңыраудың соғылуы; 
-
бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспауы және сабақты күзде бастау. 
Я.А.Коменский: «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі» – деп 
түсінген. Ол оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге 
тәрбиелеу, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған. 
Бұл оқытудың түрінде де 
кемшіліктер
кездеседі: үлгерімі нашар 
оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-
сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір 
жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі 
тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған 
оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, 
мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын
қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл 
межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ 
жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет