297
Сурет-113. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырудың
негізгі шарттары
Оқу процесін басқару – бұл оқытудың берілген мақсатына қол жеткізу үшін
педагогтың оқушылар ұжымына немесе жеке оқушыға мақсатты, жүйелі түрде
ықпал етуі.
Сабақтың тиімділігі оқушылардың танымдық
әрекетін және ақыл-ойын
дамыту процесін басқарудың тиімді жолдарын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде танымдық әрекетті басқару көптеген факторларға тәуелді.
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар
1. Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті.«Белсенді
танымдық іс-
әрекет», «түрткі», «ынталандыру» ұғымдарының мәнін ашыңыз.
2.Танымдық қызығушылықтың
оқу іс-әрекетіндегі рөлі,
оның оқытудағы
дамуы. Оқушыларды оқытудың мотивтері.
3. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы
мен технологиясы.
4.Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың
танымдық іс-әрекетін
белсендіруге әсері.
Достарыңызбен бөлісу: