Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет123/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

позитивистік 
бағыт
пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пәндері мен оларда 
қолданылатын әдістерді әсіре дәріптеп, сандық зерттелген дәйектерді ғана 
дұрыс деп дәлелдейді және таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, әлеуметтік 
қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми 
деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мәнді 
ғылымдар – бұл математика мен табиғаттану.
Неопозитивизм
мәндік тұрғыдан негізінен позитивизмді қолдай отырып, 
қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дәуір 
философиясында елеулі орын иеленді. Білім беру жолында мазмұнға емес, 
әдістерге елеулі мән беріп, оқу мен тәрбиеде негізгі нәрсе – «білім емес, ал оны 
ұғу мен игеру әдістері» деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің 
көрнекті өкілі – ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – Дж.Конант. 
Оның «Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» 
атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Прагматизм
философиялық ағым ретінде XIX-XX ғғ. шектерінде пайда 
болды. Прагматизмдегі басты ұғым – «тәжірибе», «іс» (грекше «прагма»), 
осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тәжірибесінде деп біледі 
де, объективті білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, 
адамның практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған, ол үшін құндылықты 
болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін. Прагматизмнің аса 
көрнекті өкілі – американдық ғалым Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен 
өмірге келген прагматикалық педагогикасы көптеген елдердің, әсіресе АҚШ-
тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, 
әлі де ықпал жасауда.
Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық 
мектепті сынай отырып, оқу мен тәрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар 
принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала 
оқуының ықпалды мотиві – қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын 
білім игертудегі басты міндет деп есептеді. Дж.Дьюи және оның ізбасарлары 
(А.Маслоу және т.б.) инабаттылық тәрбиесі мәселелерін де осы жекеленген 
тәжірибе тұрғысынан қарастыруды дәріптейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет