Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогика әдіснамасының деңгейлері



Pdf көрінісі
бет124/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогика әдіснамасының деңгейлері.


84 
Ғалымдар педагогиканың әдіснамасын 4 деңгейде қарастырады: 
І деңгей – гносеологиялық:
педагогикалық құбылыстар мен процестерді 
талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қарастырады; 
ІІ деңгей – дүниетанымдық:
қоғамдық құбылыс негізінде баланың білім 
алуда, тәрбиеленуде, оқуда, педагогикалық іс-әрекетте жеке тұлға ретінде 
қалыптасып дамуы факторларын қарастырады; 
ІІІ деңгей – ғылыми-мазмұндық:
педагогика ғылымының заңдылықтарын 
негіздеу және адамды тәрбиелеу, оқытудың теориясы мен әдістемесін 
қарастырады; 
ІV деңгей – логикалық-гносеологиялық
:
педагогиканың пәні мен 
объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен 
практика арасындағы ара қатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа 
ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді 
жүргізіп, педагогиканың дамуына болжау жасай алады.
Педагогиканың жалпы әдіснамалық проблемаларын зерттеген ғалымдар: 
М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский және т.б.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне кіретіндер: жаңа мәселені қою, жаңаша 
классификациялау, құбылыстың жаңа түрлерін анықтау, маңызды ұғымдар мен 
категориялардың мағынасын ажырату, зерттеудің жаңа әдістерін жетілдіру, 
өзекті ғылыми мәселелердің жаңа шешу жолын ұсыну, жаңа теориялар жасау, 
ғылымдағы жаңа бағытты ұсыну және оны негіздеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет