Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау: -
кез келген жетістіктерді бағалау критерийлері оқушыға мінсіз
түсінікті болуы керек, оқушының жұмыс мақсаттары жайлы және оның
табысты орындалуы үшін не қажет екені жайлы толық түсінік қалыптастыруға
көмектеседі;
-
оқушылар бағалауды өз бетімен немесе сыныптастарымен серіктесіп
жүргізу әдетін қалыптастыру керек;
-
оқушылар өз сана-сезімінде жұмыс мақсаттарын сақтап және сол
мақсаттарға қол жеткізудегі өз жолдасын бағалай білу керек.
Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау оқушының оқу процесіне бірден-
бір үлесін қосады – олар ешқандай басқа жолдармен шешілмейтін мәселелерді
шешуге көмектеседі. Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және коммуникативті
қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға
мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.