Оқулық төрт жүз жылдай қолданылуда жəне білім беру процесінде орны бөлек. Бірақ қазіргі кезде электронды оқулықтың маңызы өсіп жатыр



Дата15.01.2022
өлшемі47,31 Kb.
#111875
түріОқулық
Байланысты:
№10 тап ком тех Алшора Айғаным


Орындаған: Алшора Айғаным

10 практикалық жұмыс



Химиялық білім берудегі электрондық оқулықтарды қолдану қажеттілігі

Баспа негізіндегі дəстүрлі оқулық төрт жүз жылдай қолданылуда жəне білім беру процесінде орны бөлек. Бірақ қазіргі кезде электронды оқулықтың маңызы өсіп жатыр.

Электронды оқулықты құру үрдістері дербес компьютерлер шыққаннан бастап жүргізілді, бірақ алғашқы дербес компьютер мүмкіншіліктері тек жеке оқу-əдістемелік жəне дидактикалық тапсырмаларды жүзеге асырды. Мысалы, ХХ ғасырдың 90 жж. жеке мектеп пəндері бойынша педагогикалық бағдарламалық құрал пакеттері жобаланды. Олар тренажерлер, репетиторлар, модельді эксперимент, тестілеу, шешімдерді интерактивті қабылдау жəне т.б. қызметтер атқарды. Аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету дамыған кезде баспа негізіндегі оқулыққа ұқсас электронды оқу құралын құру мүмкіндігі пайда болды. Бірақ мұндай электронды версиялардың дəстүрлі оқулықтан ешқандай айырмашылығы жоқ, керісінше, дисплей экранынан мəтінді оқу көздің тез шаршауына əкелді.

Электронды оқулық ерекшеліктері. Қазіргі кезде компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз етуі үлкен деңгейлерге жетті. Олардың негізінде баспа оқулықтарының алдында бірнеше артықшылықтары бар электронды оқулықты жүзеге асыруға болады. Бұл артықшылықтар электронды оқулықта мультимедиа, гипертекст, интерактивтілік қолдануға негізделді.

Мультимедиа — бұл əр түрлі формада (мəтін, график, дауыс, бейне, анимация) көрсетілген ақпаратты біріктіруге жəне олармен интерактивті режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық құрал кешені.

Қарапайым оқулықта барлық ақпарат мəтін жəне график түрінде көрсетіледі. Электронды оқулықта барлық мультимедиалық технологияларды тиімді қолдануға болады.



Біріншіден, электронды оқулық мəтінін түрлі-түсті ерекшеленген шрифтімен (жартылай қалың, курсив, асты сызылған) жазуға болады. Арнайы символдарды, пиктограммаларды көптеген əр түрлі əліпбилерді (кириллица, латиница жəне т.б.) қолданумен математикалық формулаларды жəне мəтіндерді бір тұтастыққа қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Екіншіден, əр түрлі графикалық бейнелерді (суреттерді, фотоларды, кестелерді, гистограммалар мен үш өлшемді бейнелерді) жеңіл құруға болады. Осының барлығын қозғалысқа келтіруге болады.

Үшіншіден, нақты ақпарат, сурет, басқару батырмалары блогына жəне т.б. қатынау барысында жаңа дауыстық бейнелерді немесе дауыс сигналдарын қолдануға болады. Автономды режимде дауыстық клиптарды қоюға, динамикалық процестерді дауыстауға болады.

Төртіншіден, білім беру қажеттілігіне дайындалып, магнитті тасымалдаушыларда жəне фотопленкада сақталған бейнематериал, бейнебаяндарды қолдануға болады.

Электрондық оқулықтың құндылығы

Электрондық оқулықтың ең басты құндылығы — жай оқулықтағы қамтамасыз етілмеген жоғары дəрежедегі көрнектілік мүмкіндігі.Электрондық оқулықтың құндылығын белгілей отырып, мынаны ескеру керек: электрондық оқулық материалды өте ұқыпты, оны маңызды ерекшелікпен үйренуге мəжбүр етеді.

Электрондық оқулықты құру кезіндегі ең маныздысы, ол оқытудың активизациясында қорытылады, үлкен көлемді символдарды бейнелерді құруға мүмкіндік туады, олар конспектінiң тірегі болады. Сонымен қатар ол бейнелер анимациялық болуы мүмкін, жай кітапті құрғанда ондай мүмкіндік жоқ.

Электрондық оқулық келесі мүмкіндіктер арқылы оқытудың максималды жеке даралығына жетуге мүмкіндік береді:


  1. Электрондық оқулықтың жалпы көлемінен əр оқушынын өзі материалды жеке көлеммен іріктеу.

  2. Өзіне қиын сұрақтарға қайта қайтып келуі.

  3. Əр бөлек сұраққа жеке дара уақыт бөлу.

  4. Оқушының оқып-үйренгеннiң дəрежесiн тексеруi.

  5. Оқыту кезеніңде оқушыға «көмек» көрсету мүмкіндігі, ол оқушыларды психикалық қалға келтіреді (ол біледі, қиын кезеңде «машина көмектеседі»).

  6.  Егер мультимедиалық технологияда калькулятор режимінде жұмыс істесе, электрондық оқулық есеп шығару кезіндегі есептеу көлемін қысқартады.

  7. Сырттай оқитын тындаушыларға жəне сабаққа əр түрлі себеппен келгенмен жағдайда электрондық оқулық таптырмайтын оқулық болып табылады.

  8. Сонымен қатар электрондық оқулық сабақты жеке дара оқитындарға тамаша тəсіл болып табылады, өйткені оқулықтың құрғақ беттерін «жандандырады».

Жалпы электронды оқулықты автоматтандырылған оқыту құралы ретiнде құрылымын былайша негiзгi бөлiктермен көрсетуге болады (сур. қара):

 



Дəстүрлi оқулықпен салыстырсақ, электронды оқулықтың көптеген ерекшелiктерiн бөлiп аламыз:

  • педагогикалық еңбектi автоматтандыру мен интенсификациялау (оқыту жүйесiн жобалау, оқыту мiндеттерiне орай оқу материалдарын iрiктеу жəне сабаққа дайындау);

  • оқыту формаларын iске асыру (iскерлiк, тестiк бақылау жəне т.б.);

  • эргономикалық талаптармен қамтамасыздандыру (алынатын бiлiмнiң бiрлiгiне нервтiк энергияның аз жұмсалуы);

  • объектiлердiң (жүйелердiң) машиналық имитациясы;

  • гипермəтiндi жəне мультимедиалық көрсетiлуi;

  • əр тəлiмгердiң қабiлетiне қарай интерфейс ұйымдастыру ерекшелiгi мен икемділігі;

  • үлкен ақпараттық массивтердi сақтаудың қарапайымдылығы (бiрнеше энциклопедиялық томдардың бiр CD-дискiде сақталу мүмкiншiлiгi);

  • экологиялық талаптардың iске асуы (орман массивiн сақтау, қағаз, типографиялық бояуларды шығаратын өндiрiстiң қысқаруы).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет