288
Ішкі секреция бездеріне жатпайтын кейбір органдардың
клеткалары да (ас қорыту жолдарының клеткалары, бүйрек және
эндотелидің клеткалары т.б.) гормон тәрізді заттар (эйкозанойдтар)
бөледі, олар да түзілген жерлерінде әсер етеді. [17].
Гормондардың биологиялық қызметіне қарай жіктелуі.
1. Көмірсулар, липидтер, аминқышқылдарының алмасу процестері:
инсулин, глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин, соматотропин
гормондарымен реттеледі.
2. Сулы – тұзды алмасу процестері: альдостерон, вазопрессин
гормондарымен реттеледі.
3. Кальций және фосфаттар алмасу процестері: паратгормон,
кальцитонин және кальцитриолдармен реттеледі.
4. Репродуктивті
қызметтері:
эстрогендер,
андрогендер,
гонадотропты гормондармен реттеледі.
5. Эндокриндік бездер гормондарының синтезі және секрециялану
процестері: гипофиздің тропты гормондары, гипоталамустың
статиндері және либериндерімен реттеледі. Бұл шартты түрдегі
жіктелу болып табылады, себебі бір түрлі гормондар әртүрлі
қызметтер атқаруы мүмкін. Мысалы, адреналин көмірсулар мен
липидтер алмасуының реттелуіне, сонымен қатар артериялық
қысымды, жүрек соғу жиілігін, тегіс бұдшықет жиырылуын
реттеуге қатысады. Эстрогендер тек репродуктивті қызметтерді
реттеп қана қоймай, сонымен қатар қан ұю факторларының
синтезін индуцирлейді және липид алмасуға әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: