Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет208/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

нейросекретиндер
арқылы әсер етеді. 
Гипоталамуста нейросекретиннің екі түрі (либерин,статин) түзіледі , 
оларды 
рилизинг-факторлар
деп атайды. 
Либериндер
– 
гипофиздің тропты гормондарының бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Статиндер
– тропты гормондардың бөлінуін тежейтін қосылыстар 
болып саналады. 
Гипофиз – ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгі безі. 
Ол тропты гормондар түзеді, шеткері жатқан ішкі секреция 
бездеріне әсер етеді. 


286 
Гипоталамустан келген импульс әсеріне жауап ретінде
гипофиз өзінің гормондары арқылы шеткері жатқан ішкі секреция 
бездеріне спецификалық әсер етеді. Тіршіліктің белгілі бір нақты 
жағдайына қажетті зат алмасудың қалыпты деңгейін сақтап тұруға 
қабілетті гормондардың мөлшері оптимальді деңгейде болады. 
Сонымен 
зат 
алмасуды 
реттеудің 
негізгі 
құрамдас 
бөлшектерінің бірі – 
гормондар
болып табылады. Олар ішкі 
секреция бездерінің клеткаларында түзіледі, қанға немесе лимфаға 
бөлініп, зат алмасуды реттеуге қатысады. [16]. 
 
8.2. 
Гормондар, жіктелуі және жалпы қасиеттері. 
 
Гормон
- деп ұлтабардың кілегей қабатында түзілетін және 
қан арқылы ұйқы безі және ас қорыту сөлдерінің бөлінуін 
жоғарылататын секретиндерді атаған.
Гормон деген терминді 1905-ші жылы Бейлис және Старлинг 
ұсынған. «Hormao» - грек сөзінен шыққан, «қоздыру» деген 
мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда гормон деген сөздің мағынасын 
кеңейту ұсынылған:
Гормондар рецепторлар арқылы әсер ететін 
мамандандырылған клеткааралық реттегіштер
деп аталады. 
Бұл анықтамадағы « мамандандырылған реттегіштер» деген сөз 
гормондардың негізінен реттеуші қызмет атқаратындығын атап 
көрсетеді.
Клеткааралық 
деген сөз гормондардың бір клеткаларда 
түзіліп, сырттан басқа клеткаларға әсер ететіндігін білдіреді. Кез 
келгенен гормонның әсері бастапқы сатыда рецепторлар арқылы 
беріледі. Гормондар химиялық құрылымы, биологиялық қызметі, 
түзілетін жері және әсер ету механизмі бойынша жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет