282
Қорытынды
Бауыр организмде зат алмасу процесінің орталығынан орын
алған, өте маңызды және алуан түрлі қызметтер атқаратын,
ерекше орган болып табылады. Бауыр адам организмінің
лабораториясы ретінде, өте маңызды қызметтер атқарады:
Метаболикалық – қоректік заттардың ыдырау өнімдері. Бауырда
белоктар, амин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, гормондар,
биогенді аминдер, дәруменлер,күрделі алмасу процестерге түседі
және микроэлементтер мен су алмасуының реттелуі жүреді.
Гомеостатикалық
қызмет атқарады, яғни, организмнің ішкі
ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, организмге тамақпен
түсетін заттардың қандағы мөлшерін реттейді. Қан плазмасының
белоктары, кетон денелері т.б. (экспорттық заттардың)
синтезделуі, бауырдың биосинтездеу қызметі. Асқорыту
қызметіне
бауырдың өт қышқылдарын синтездеуі, өтті түзуі және
секрециялауы жатады. Бауыр экскреторлық қызметі арқылы,
табиғаты жағынан, эндо,- және экзогенді кейбір метаболизм
өнімдерінің ішекке, өт арқылы бөлінуін қамтамасыз етеді
(холестерол, өт пигменттері, жұп өт қышқылдары т.б.), сонымен
қатар, дәрумендер мен гормондарды инактивациялайды. Бауыр
депонирлеу қызметін атқарады. Глюкоза ( гликоген түрінде),
белоктар, майлар, гормондар, дәрумендер, минералдық заттар
жиналады. Бауыр тосқауылдық қызмет атқарады, тағаммен түскен
немесе ішекте пайда болған токсиндер мен бөгде және дәрілік
заттар усыздандырылады. (аммиак, ішекте белоктардың шіру
өнімдері, билирубин т.б.). Бауырдың гомеостатикалық қызметі қан
құрамының тұрақтылығын (гомеостазды) сақтай отыра, әртүрлі
метаболиттердің
синтезін,
қанға
бөлінуін,
сіңірілуін,
трансформациялануын,
және
қан
плазмасының
көптеген
компоненттерін экскрециясын қамтамасыз етеді.
Бауырдың қайта қалпына келу қабілеті өте зор. Бауыр мәселесі
пайда болуының бірнеше себептері бар.
Бауыр ақаулары дамуына генетикалық бейімділіктің болуы;
Вирустардың әсері; Дәры – дәрмектердің әсері; Арақ – шарап ішу
әдеттің болуы; Токсиндердің әсері; Инфекция және парпзиттер;
Іш қуысы органдарының аурулары; Механикалық жарақаттар;
Дұрыс тамақтанбау және т.б.