Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет200/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

уробилин 
кездесуі мүмкін. Бұл 
жағдайда нәжістің түсі ашық, зәр қою-қоңыр түсті болады. 
Паренхиматозды сарғыштану кезінде нәжістің түсі ашық, зәр қою-
қоңыр түсті болады. [1]. 
7.7. Бауыр жетіспеушілігі және аурулары 
 
Бауыр қызметінің алуан түрлі бұзылыстарының біріктірілуінен
пайда болатын күйін – бауырдың жетіспеушілігі деуге болады, бұл 
кезден әрі қарай толық қалпына келуі немесе өшігуі, сонымен 
қатар ұзақ уақыт ішінде тұрақтануы мүмкін.
Ауыр жағдайларда бауыр жетіспеушілігі бауыр комасымен 
аяқталады. Бауыр жетіспеушілігі, токсикалық агенттер мен көптеген 


276 
аурулардың әсерінен пайда болады, олар бауыр паренхимасын 
зақымдайды. Атап айтатын болсақ: 
өткір вирусты гепатит; алкагольді цирроз немесе басқа 
этиологиялы цирроз; бауыр ісіктері; ауқымды травма немесе 
күйіктер; сепсис; гепатотропты улармен улану және дәрілік 
препараттар; Бауыр жетіспеушілігі кезінде бұл органның қызметі 
төмендейді, сонымен қатар белгілі бір жағдайдың клиникалық 
көрінісі айқындалады . Бауыр жетіспеушілігі кезінде бір ғана 
қызметі бұзылып қоймайды, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде 
бірнеше қызметі бұзылады. Бауырдың ауыр жағдайда екендігін
анықтайтын ең маңызды факторлары, белок синтездеу және 
усыздандыру қызметінің бұзылуы болып табылады. [14]. 
Бауыр тапшылығының себептері: 
- жалпы белок пен альбумин деңгейінің төмен болуы; 
- бауырда синтезделетін қан ұю факторлары концентрациясы 
төмендеуі ( VII фактордың синтезі төмендейді, сонан соң II, IX, X); 
- геморрагиялық көрініс дамиды, протромбин уақыты ұзарады; 
- гипербилирубинемия; 
- қан плазмасында мочевина концентрациясы төмендейді және 
аммиак жиналады; 

электролиттер алмасуы ауыр бұзылыстарға ұшырайды-
гипокалемия, гипонатриемия, гипокальциемия, гипокалемиялық 
клеткаішілік алкалоз, клеткаішілік ацидозбен бірлесіп дамиды, бұл 
аммиактың улы әсерін күшейтеді; 
- қандағы фенолдар және индол туындылары ароматты амин 
қышқылдары құрамында күкірті бар амин қышқылдары, кіші 
молекулярлы май қышқылдарының (май қышқылы, валериан
капрон қышқылдары) мөлшері жоғарылағанда, бұл қосылыстар 
церебротоксикалық әсер етеді. Бауырдың зақымдануы, әдетте
қайтымды болады, себебі, бұл органның регенеративті қабілеті 
жоғары болады, бірақ бауыр тапшылығында метаболитикалық 
бұзылыстар, өте ауыр жүреді. Токсигендік заттардың жиналуы 
бірінші кезекте аммиак, билирубин және бөгде қосылыстар 
энцефалопатия дамуы мен бауыр комасына түсудің негізгі себептері 
болып 
табылады. Бауыр 
зақымдануын 
биохимиялық
лабараториялық тесттер арқылы анықтайды, олар жоғары 
сезімталды индикаторлар болып табылады. [4]. 
- Биохимиялық анализдердің нәтижесі бауыр ауруларының
табиғатын анықтап, патологиялық процестердің ауырлық дәрежесін 


277 
бағалауға мүмкіндік береді және сирек болсада спецификалы
диагноз қоюға негіз бола алады. 

Әртүрлі аурулар кезінде (өткір және созылмалы гепатит, 
цирроз, 
холестаза, 
ісіктер) 
тесттерді 
және 
биохимиялық 
көрсеткіштер комплексін қолданады;
 
- Пигменттер алмасуын зерттеу - қанда және зәрде 
билирубинмен оның биотрансформациялық өнімдерін анықтау
- Қан сары суындағы альбуминді және басқа белоктарды 
анықтау бауырдың белоксинтездеу қызметін бағалауға мүмкіндік 
береді. Өзгерістің айқындылығы аурудың ұзақтығы мен ауырлығына 
байланысты болады (альбумин концентрациясының төмендеуі тек 
бауырдың созылмалы ауруы кезінде орын алады); 
Бауыр ауруларын лабораториялық диагностикалауда фермент 
активтілігін анықтаудың маңыздылығына басым мән беріледі. 
Гепатоциттер мен өт жолдарының эпителий клеткаларында 
синтезделетін 
ферменттер: 
индикаторлық, 
секреторлық, 
экскреторлық 
болып 
бөлінетін 
ферменттердің 
арасынан 
бірқатарының диагностикалық мәні зор. [7]. 
Гепатоциттер зақымданғандығын көрсететін индикаторылы
ферменттер: АсАТ және АлАТ трансаминазалары активтіліктерінің 
жоғарылауы арқылы анықталады. Бауыр ауруын дифференциалды 
диагностикалау кезінде Де Ритис коэффициенті қолданылады.
АСТ/АЛТ активтілігінің қатынасы 2-ден жоғары болуы алкогольді 
зақымдануға тән, ал 1-ден аз болуы- вирусты гепатитке, 
холестатикалық синдромға байланысты екенін көрсетеді. [6].
Экскреторлы 
Г-глутамилтрансфераза 
(ГГТ) 
ферментінің 
активтілігі өте сезімтал болады, бірақ бауыр ауруларының арнайы 
көрсеткіші емес, сондықтан фермент активтілігінің артуы алкогольді 
өте көп мөлшерде қабылдау салдары болуы мүмкін;
Экскреторлы фермент - сілтілі фосфатазаның активтілігі 
бауырішілік және бауыр сыртындағы холестаз кезінде 
жоғарылайды; (холестаз - бауырдан өттің 12-елі ішекке өтпеуінен, 
билирубиннің қан ағымына түсіп, қанда жиналуы ). Бауырдың 
спецификалы ферменттерінің активтілігі анықталады, оларға: 
орнитинкарбомоилтрансфераза; фруктоза-1-фосфатальдолаза;
сорбитолдегидрогеназа жатады.
Бауыр патологиясын дифференциалды диагностикалау
барысында лактатдегидрогеназа (ЛДГ) изоферменттері активтіліг 
өнімдерін бөліп шығару жүзеге асырылады інің қатынасын зерттеу 


278 
маңызды. ЛДГ

изоферменттері активтіліктерінің салыстырмалы 
түрде 
жоғарылауы 
гепатоциттердің 
зақымданғандығының 
көрсеткіші болып табылады. [7]. 
Бұл ферменттер активтілігінің өзгеруі бауыр зақымдануына 
арнайылығы бар және осы орган ауруларын өте сезімтал 
диагностикалау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. ЛДГ-ге тәуелді 
гиперферментемия – өткір вирусты, дәрі-дәрмектік және 
гипотоксиндік 
гепатитте, жүрек 
жетіспеушілігінде, 
бауыр 
циррозында, 
бауырдан 
тыс 
холестазда 
сонымен 
қатар, 
эритроциттердің осмотикалық төзімділігі төмендегенде және 
гемолиздің әртүрлі дәрежелерінде байқалады. [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет