Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қанда бос билирубин концентрациясының арту себептері



Pdf көрінісі
бет199/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қанда бос билирубин концентрациясының арту себептері: 
- фекальді гемоглобиннен тұратын эритроциттердің қарқынды 
гемолизге ұшырауы; 
- бауырда УДФ-глюкуронаттың жеткіліксіз синтезделуі. 
- тікелей 
билирубин 
секрециясына 
және 
конъюгациясына
сіңірілуіне жауапты бауырдың белоктары мен ферменттерінің 
атқаратын қызметтері жеткіліксіз болуы, атап айтқанда, УДФ-
глюкуронилтрансферазаның активтілігі айтарлықтай төмен болады. 
7.6. Бауырдағы гемоглобиннің катаболизмі 
Гем катаболизмі
. Гемнің ыдырауының соңғы өнімі ретінде, 
билирубин түзіледі. Бұл процес бауыр, көкбауыр клеткаларында 
және сүйектің кемік майында жүреді. 


273 
Билирубин адамның өті құрамындағы негізгі пигмент болып 
табылады. 1г гемоглобин ыдырағанда 35мг, ал тәулігіне ересек 
адамда шамамен 250-350мг билирубин түзіледі. әрі қарай
билирубиннің метаболизмі бауырда өтеді. 
Билирубин метаболизмі сүйек миы және көкбауырдың РЭЖ 
клеткаларында түзілген билирубин бос (коньюгирленбеген) немесе 
тікелей емес деп аталады, суда нашар еритін болғандықтан қан 
плазмасы белогы -альбуминдерге оңай адсорбцияланады, оны қан 
құрамынан анықтау үшін алдын ала белоктарды спирт арқылы 
тұнбаға түсіру қажет. Сонан соң, билирубинді Эрлихтің 
диазореактивімен реакция жасау арқылы анықтайды. [1]. 
Бос (тікелей емес) билирубин бүйрек барьерінен өте алмайды 
және зәрге түспейді. Альбуминнің бір молекуласы 2 немесе 3 
молекула билирубинді байланыстырады. Қанда альбумин 
мөлшері төмен болғанда, сонымен қатар май қышқылдары, дәрілік 
заттар (мысалы, сульфаниламидтер) концентрациясы жоғары 
болғанда, олар альбуминнің бет жағындағы байланысу орталығынан 
билирубинді ығыстырып шығарады, сондықтан альбуминге 
байланыспаған билирубиннің мөлшері жоғарылайды, сондықтан 
олар ми клеткаларына өте алады және миды зақымдайды. 
Біразы альбуминдермен альбумин - билирубин комплексін 
түзіп, қан ағымы арқылы бауырға түседі, сол жерде глюкурон 
қышқылымен коньюгирленеді, осылайша тікелей билирубинге 
айналады. Бос билирубиннің усыздану реакциясын УДФ-
глюкуронилтрансфераза ферменті катализдейді.
Тікелей билирубин өттің қалыпты құрам бөлігі болып 
табылады, ол аз мөлшерде қанға түседі және бүйрек тосқауылынан
өте алады, бірақ қалыпты жағдайда қанда аз болғандықтан, зәр 
құрамындағы тікелей билирубин қарапайым зертханалық 
тәсілдермен анықталмайды. (7.1).[128]. 
Тікелей билирубин өтпен бірге аш ішекке түседі. 
Билирубинглюкуронид 
ішекте 
спецификалы 
бактериалды 
ферменттен -β-глюкуронидазалармен гидролизденеді.
Ішек микрофлорасы әсерінен босап шыққан билирубин 
тотықсызданып, 
алдымен 
мезобилирубинге, 
сонан 
соң, 
мезобилиногенге (уробилиноген) айналады. 
Уробилиногеннің біраз бөлігі аш ішекте және тоқ ішектің
жоғарғы бөлігінде сіңіріліп, қақпа венасы жүйесі арқылы бауырға 
барады, сол жерде толығымен


274 
(7.1) 
дипиррол қосылыстарға дейін ыдырайды. 
Уробилиноген үлкен қанайналымға түспейді және зәрде
анықталмайды. Уробилиногеннің негізгі бөлігі тоқ ішекке түседі, 
сол жердегі микрофлора ферментінің қатысуымен тотықсызданып, 
стеркобилиногенге айналады.
Түзілген стеркобилиноген толығымен нәжіс арқылы бөлінеді. 
Стеркобилин нәжістің пигметтерінің бірі болып табылады.
Стеркобилиногеннің бір бөлігі тоқ ішектің кілегей қабаты 
арқылы сіңіріліп , геморроидальды вена арқылы бүйрекке 
тасымалданады және зәрмен шығарылады (4мг/тәулігіне). 
Қалыпты жағдайда өттің пигменттері: 
-
қанда - жалпы билирубин- 8,5-20,5 ммоль/л; 
-
тікелей емес билирубин- 1,7-17,1мкмоль/л; 
-
тікелей билирубин-2,2-5,1 мкмоль/л; 
-
зәрде- стеркобилиноген- 4мг/тәулігіне; 
-
нәжісте - стеркобилиноген кездеседі. 
Өт пигменттері мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқуы
организмде бірнеше патологиялардың пайда болуынан туындайды: 
Обтурациялық- бауыр астылық сарғыштанудың негізгі 
себептері: өт жолдарында тастың пайда болуы немесе ұйқы безінің 
қатерлі ісігі, өт жүру жолдарының өткір қабыну процестері 
салдарынан, өт жолдарының қысылып қалуы болып табылады. 
Өттің ішекке түсіуі бұзылуынан тікелей билирубин қанға
шығады , нәтижесінде қанда жалпы билирубиннің мөлшері тікелей 


275 
билирубиннің үлесінен артады. Зәрмен шығарылады, ол сыраның
түсін береді және нәжістің түсі ақшыл-күл реңге өзгереді.
Зәрдің түсі қою қоңыр түсті, нәжіс түссіз болады.. 
Гемолитикалық сарғыштану
э
ритроциттердің көп мөлшерде 
гемолизге ұшырауынан туындайды. Бұл құбылыс әртүрлі жұқпалы 
аурулар кезінде және тобы сәйкес келмейтін қан құйғанда орын 
алады. Тікелей емес билирубин көп мөлшерде түзіледі, себебі, 
бауыр улы билирубинді усыздандырып үлгермейді, сондықтан 
қандағы жалпы билирубиннің мөлшері тікелей емес билирубиннің 
үлесінен көбейеді. 
Стеркобилиннің артық мөлшерде түзілуінен нәжістің түсі
қара-қоңыр, ал зәрге билирубин өтпегендіктен оның түсі 
өзгермейді
. [1].
 
Паренхиматозды сарғыштану бауыр клеткалары вирустармен 
зақымданған жағдайда пайда болады және бауырға токсиндік әсер 
ететін препараттар қабылдағанда гепатоциттер мембранасының 
өткізгіштігі жоғарылағанда, қанда тікелей билирубиннің мөлшері 
артады. Бауыр клеткаларының зақымдануынан тікелей емес 
билирубинді усыздандыру қабілеті төмендейді, сондықтан, қан 
құрамында тікелей және тікелей емес билирубиндердің мөлшері
 
жоғарылайды. Десекте, тікелей емес билирубиннің мөлшері 
гемолитикалық сарғыштанудағы мөлшермен салыстырғанда едәуір 
төмен дәреже көрсетеді.
Нәжіс әлсіз боялады, оның түсі гепатоциттердің зақымдану 
дәрежесіне тікелей байланысты болады. Зәрде тікелей билирубин 
пайда болғандықтан оның түсі тоқшыл қызыл-қоңыр түс көрсетеді. 
Бауыр аурулары кезінде зәрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет