Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бауыр патологиясын дифференциалды диагностикалау



Pdf көрінісі
бет201/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Бауыр патологиясын дифференциалды диагностикалау
Тұнбалық пробалар - қан сарысуы белоктарының әртүрлі 
реагенттердің коллоидты жүйесімен әрекеттесуіне негізделген
тәсілдердің тобын құрайды, бұлар түзілгенде преципитациялық 
лайлану немесе тұнба пайда болады. 
Қанның 
коллоидты жүйесінің тұрақтылығы, негізінен 
бауырдың созылмалы диффузды ауруы - диспротеинемия пайда 
болғанда бұзылады. [8]. 
Тимолды-вероналды және сулемолы тесттердің көмегімен қан 
сары суындағы белоктардың мөлшерін анықтайды. 
Тимолды-вероналды тест- бауырдың функционалды күйін 
бағалауда қолданылатын ең сенімді тесттердің бірі.
Тесттердің оң нәтиже беруі- қандағы альбуминдердің азаюы, ал
β мен γ-глобулиндердің қандағы мөлшерінің жоғарылағандығын 
және β-глобулиндермен байланысқан липопротеидтер мөлшерінің 
көбейгендігін көрсетеді. [30]. 
Сонымен қатар Цинк сульфатты сынамасы;
Вельтманның коагуляциялық сынамасы. бауырды дифференциалды
диагностикалауда пайдаланылады. 
 Бауыр аурулары.
Бауыр зат алмасудың барлық процестеріне 
қатысады және сүзгі қызметін атқарады.
Бауыр аурулары барысында ауырсыну сезілмейді, себебі
ауырсынуды сездіретін рецепторлары болмайды. Ауырған адам тек, 
бауырдың көлемі ұлғайып, бауыр капсуласы созылғанда ғана 
сезінеді. Аурудың бастапқы сатыларында, бегілер сезілмейді.
Уақыт өткен сайын бауыр мен өт шығару жолдары 
ауруларының белгілері айқын байқалады: жүрек айну, құсу, диарея, 


279 
іш қату, іштің желденуі, кекіру сияқты диспепсиялық құбылыстар; 
шырышты қабат пен терінің сарғыштануы; терінің қышынуы;
тез шаршау, әлсіздлік;
 
зәр қою қоңыр, ал нәжіс түссіз болады; 
алақанда симметриялы қызыл дақтардың болуы; кейде дене 
қызуының көтерілуі;
 
оң жақ қабырға астының эпигастральды
аймағында ауырлықтың сезілуі; аяқтың ісінуі; іш көлемінің ұлғаюы 
(асцит); күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық;
тамырлы «жұдызшалардың» пайда болуы: тәбеттің нашарлауы, 
салмақтың акзаюы байқалады. 
Бауырдың қайта қалпына келу қабілеті өте жоғары. Десекте, 
бұл олрганның мәселелерінің жиі кездесетін себептеріне: 
1. Генетикалық бейімділік ақаулары: бауыр гипоплазиясы,
әртүрлі типтегі бауыр тамырлары мен түтіктерінің атрезиясы; 
2. Вирустардың әсері: гепатиттердің А, В, С, Д, Е. т.б. түрлері. 
Өткір қабыну процесін тудырады. Осылардың арасынан ең қауіптісі
В гепатиттің вирусы болып табылады. 
3. Дәрі-дәрмектердің токсигендік әсері: антибиотиктер, 
гормондар, химиотерапевтикалық медикаменттер. [2]. 
4. Алкогольды көп пайдалану. 
5. Токсиндердің әсері. 
6. Инфекция және паразиттердің зиянды әсері. 
7. Іш қуысы органдары ауруларынан іріңді процестердің
пайда болуы, нәтижесінде іріңдер қақпа венасы жүйесіне таралуы. 
8. Механикалық жарақат. 
9. Дұрыс тамақтанбау, теңгерімді диетаның болмауы және
қуырылған, ащы, майлы, ұзақ сүрленген тағамдарды қабылдау.
Сонымен қатар, аутоиммунды аурулардың және организмде 
гельменттердің болуы, бауырға айтарлықтай зиянды әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет