272
Бауырда ксенобиотиктердің метаболизмін жүргізетін
ферменттер активтілігі басымырақ болады.
Химиялық модификация
нәтижесінде ксенобиотиктердің
гидрофильді қасиеті артып, олардың ерігіштігі жоғарылайды және
организмнен зәр арқылы бөлінеді. Бұдан басқа заттар коньюгация
фазасына ену үшін қосымша функциональді топтар қажет
.
Коньюгация
- ксенобиотиктермен эндогенді субстраттар
арасында ковалентті байланыстар түзілу процесі.
Байланыстардың түзілуі ксенобиотиктердің ОН немесе NH
2
-
топтары арқылы жүзеге асады. Түзілген коньюгаттың токсиндік
әсері төмен және оңай зәр арқылы организмнен шығарылады.
Коньюгацияның
глюкуронды, сульфатты, тиосульфатты,
ацетильді түрлері болады.
Жаңа туған нәрестелердегі сарғыштану.
Нәрестелердегі
алуан түрлі гемолитикалық сарғыштану - физиологиялық
сарғыштану болып табылады. Бұл нәресте өмірінің алғашқы
күндерінде байқалады. Нәрестелерде өмірінің алғашқы екі
аптасында бауырдың конъюгирлеуші қабілеті ересектердегімен
салыстырғанда 1/5 бөлігін құрайды.
Жаңа туылған нәрестелердің ауыр түрдегі сарғыштануы,
қандағы билирубин концентрациясы 340 мкмоль/л асқанда, бас
миының гематоэнцефаликалық тосқауылынан өтеді және оны
зақымдайды
(билирубинге
тәуелді
энцефалопатия).
Туғаннан кейінгі гипербилирубинемияның жеңіл формасы
барлық нәрестелерде кездеседі. [34].
Достарыңызбен бөлісу: