269
Глюкокиназаның
активтілігі
бауырда
гексокиназамен
салыстырғанда 10 есе жоғары, сонымен қатар,
глюкокиназа
гексокиназаға қарама-қарсы глюкоза үшін К
м
көрсеткіші жоғары
болады (глюкозаға бейімділігі төмен). Тамақ қабылдағаннан кейін,
қақпа венасында глюкозаның мөлшері жоғарылайды және 10
ммоль/л-ден артады. Бауырда глюкоза концентрациясының
жоғарылауы глюкокиназа активтілігінің
едәуір жоғарылауын
шақырады және бауырдың глюкозаны сіңіруін арттырады.
Гексокиназа
мен
глюкокиназаның
синхронды
жұмыс
жүргізуіне байланысты, бауыр глюкозаны эффективті фосфорлау
арқылы глюкоза-6-фосфатқа айналдырады,
осылайша жалпы қан
айналу жүйесінде нормогликемияны қайтымсыз етеді. Әрі қарай,
глюкоза-6-фосфат бірнеше бағытта метаболизмге түсуі мүмкін.
2. Гликогеннің ыдырауы және синтезі.
Бауыр гликогені организмде глюкозаның қоры болып
табылады. Тағам қабылдағаннан кейін көмірсулардың артық
мөлшері гликоген түрінде жиналады. Оның деңгейі шамамен
бауыр
массасының (100-150г) 6%-н құрайды. Тамақ ішу аралығында,
сонымен қатар "түнгі ашығу" барысында қандағы глюкоза қорын
толтыру ішектен сіңіру арқылы жүрмейді. Мұндай жағдайларда
гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауы активтенгендіктен гликемия
деңгейі тиісті дәрежеде сақталады. Гликоген қоры ашығудың 1-ші
тәулігі соңында азаяды. [30].
3. Бауырда
глюконеогенез
белсенді жүреді.
Глюкозаның табиғаты көмірсу емес заттардан синтезделуі
(лактат,
пируват,
глицерол,
гликогенді
аминқышқылдар),
глюконеогенез деп аталады. Глюконеогенездің арқасында ересек
адамның организміне шамамен, тәулігіне 70 гр. глюкоза түзіледі.
Глюконеогенез активтілігі ашығудың 2-ші тәулігінде бауырда
гликоген қоры таусылғанда бірден артады. Глюконеогенездің
арқасында бауыр Кори цикліне қатысады,
бұл кезде бұлшықетте
түзілетін глюкоза сүт қышқылына айналу процесіне түседі.
Бауырда фруктоза, галактоза- глюкозаға изомерленеді және
глюкурон қышқылы синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: