Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


 Тиреотропин, лютеиндеуші жән фолликулстимульдеуші



Pdf көрінісі
бет229/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 2. Тиреотропин, лютеиндеуші жән фолликулстимульдеуші
гормондар. 
 
Тиреотропин, 
лютеиндеуші 
гормон 
(ЛГ) 
және 
фолликулстимульдеуші гормон (ФСГ) - химиялық табиғаты 
бойынша гликопротеиндер.
Тиреотропин 
(ТТГ) 
гипофиздің 
алдыңғы 
бөлігінде 
синтезделеді, молекулалық массасы 30 кД.
 
Тиреотропиннің 
секрециясы тиреолибериннің әсерінен жүреді, ал тиреоидты 
гормонның деңгейі жоғарылағанда негізгі ингибирлеуші ретінде 
тиреотропиннің секрециясын тежейді. 
ТТГ-ң секрециясы ұйықтар алдында ең жоғары деңгей 
көрсетеді, сонан соң ұйқы барысында біртіндеп төмендейді.
 
Қалқанша безінде түзілетін йодтирониндердің (Т

және Т
4

синтезі мен секрециясын стимульдеу тиреотропиннің негізгі 
биологиялық қызметі болып табылады. [2]. 
Тиреотропин сигналының қалқанша безі клеткаларына 
трансдукциялануы, плазматикалық мембраналардағы рецепторлар 
арқылы және аденилатциклазаның активтенуі арқылы жүзеге асады. 
Тиреотропин 
сигналының 
қалқанша 
безі 
клеткаларына 
трансдукциялануы плазматикалық мембраналардағы рецепторлар 
арқылы аденилатциклазаның активтенуі арқылы жүзеге асады. 
Тиреотропин рецепторы 2 доменнен тұрады, оның біреуінің 
химиялық табиғаты гликопротеин болса, ал екіншісі ганглиозид 
(гликолипид, құрамында сиал қышқылы бар) болып табылады. 
Биологиялық активтілігі пайда болу үшін тропонин рецепторы 
ганглиозидтің екі доменіменде байланысуы қажет.


315 
Тропонин қалқанша безіне екі түрлі әсер етеді. Біреулері тез 
әсер етеді (бірнеше минут ішінде), йодтирониндердің синтезімен 
секрециясының барлық сатыларын қоса стимульдейді. 
Басқаларының көрінісі бірнеше күнді алады, бұған: белок, 
фосфолипид, нуклеин қышқылдары синтезін ынталандыру және 
тиреоидты клеткаладың саны мен көлемінің ұлғаюын жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет