310
Өсу гормонының синтезі мен секрециясының реттелуі көптеген
факторлардың әсерінен жүзеге асады.
Негізгі стимульдеуші әсер беретін соматолиберин, ал негізгі
тежеуші әсерді гипоталамустың соматостатин гормоны береді.
.
Өсу гормонының биологиялық әсері.
(8.6)
Өсу гормоны өзінің репепторларымен байланысуы барысында
2 рецептор димерленеді. Бұл репептормен
байланысқан Янус-
311
киназаны активтендіреді және Янус-киназа мен рецепторды тирозин
қалдығы арқылы фосфорлайды.
Өсу гормоны рецепторларының активтенуі тирозинкиназа,
фосфолипаза С белсенділіктерінің жоғарылауымен қатар жүреді
және ДАГ, ИФ деңгейлері көтеріледі, сонымен қатар протеинкиназа
С-ның активтілігі артады
Өсу гормонының алғашқы әсері қысқа мерзімді және
инсулиннің әсеріне ұқсас келеді. Олар негізінен, липидтер мен
көмірсулар алмасуына әсер етеді.
Алайда, белгілі бір уақыттан кейін, ( инсулинге қарама-қарсы)
әсерлер баяулай бастайды: май
тіндерінде липолиз көбейеді,
қандағы май қышқылдарының концентрациясы артады, ал
инсулин
баяулай бастайды: май тіндерінде липолиз көбейеді, қандағы май
қышқылдарының концентрациясы жоғарылайды, ал инсулин
жетіспеген жағдайда, қандағы кетон денелердің концентрациясы
артады. Соның салдарынан қандағы глюкоза концентрациясы
төмендейді. [20].
Өсу гормонының әрекеті, негізінен
белок алмасуы және
организмнің өсуі мен дамуына байланысты процестерді реттеуге
бағытталған. (8.6).[134].
Өсу гормонының әсерінен амин қышқылдары клеткада,
бұлшықетте артады, нәтижесінде сүйек, шеміршек, бұлшықет және
бауыр тіндерінде т.б. ішкі органдарда белоктың синтезі күшейеді.
РНҚ, ДНҚ және клеткалардың жалпы саны көбейеді.
Өсу гормонының сүйек қаңқасы мен жұмсақ тіндердің өсуіне
әсері кейбір заттардың қатысуын қажет етеді.
Бұл
заттарды өсу гормоны мен әртүрлі тіндердің
клеткаларының
плазматикалық
мембранасында
орналасқан
рецептормен
әрекеттескенде, оған жауап ретінде негізінен бауырда
синтезделетін соматомединдер деп аталады. Өйткені, бұл
молекулалар бір-бірінен сонымен қатар проинсулинге жоғары
гомологты ерекшеленетіндіктен, инсулинге ұқсас белсенділік
танытатындықтан және өсуді ынталандыратын күшті әсері
болғандықтан, оларды инсулинге ұқсас өсу факторлары (ИФР-1
немесе Соматомедин С; ИФР-2 немесе соматомедин А) деп атайды.
ИФР-1 негіздік қасиеті бар
бір тізбекті полипептид, 70 аминқышқыл
қалдықтарынан құралған.
Қан құрамында соматомединдер шамамен 95 % белокпен
комплексте болады. ИФР-2 синтезіне қарағанда ИФР-1 синтезі
312
басым көпшілігінде қандағы өсу гормонының концентрациясына
тәуелді және бауырда түзілетін ИФР-1 ретроингибирлеу механизмі
бойынша гипофиз және гипоталамус
деңгейінде әсер ете отыра, өсу
гормонының синтезі мен секрециясын ингибирлейді. (8.7).[135].
Достарыңызбен бөлісу: