кахектикалық ісіну
- ауыр трофикалық бұзылыстар,
дене салмағын жоғалту, тамыр ішілік және тамыр сыртындағы
сұйықтықтардың қайта бөлінуімен сипатталатын патологиялық күй.
Кахексия алиментарлық факторларға (ашығу, белоктың жеткіліксіз
синтезделуі, тамыр ішілік онкотикалық қысымның төмендеуі,
сонымен қатар эндокринді жүйенің бұзылыстары, алкоголизм,
онкологиялық ауруларға ) байланысты туындайды.
- токсикалық ісіну
– бактериялық, токсикалық, алиментарлы,
патогенді факторлардың әсерінен, қан тамыры қабырғалары
өткізгіштігінің артуы ісінуге апаратын патогенетикалық фактор
болып табылады. Сонымен қатар, жәндіктер мен жыландардың
шағуы, уландырушы заттар ( хлор, фостен, дифостен).
Тамыр қабырғаларының өткізгіштігі бактерия токсиндері
( қырылдауық, сібір язвасы токсиндері) әсерінен және масалар,
аралардың шағуынан жоғарылайды. [23].
-
балаларда ісінудің даму ерекшеліктері -
Нәресте, қалыпты
жағдайда физиологиялық гипергидратация күйінде туады, әсіресе
ай-күні толмай туылғандарда айқын байқалады.
Десекте, анасының ауыр соматикалық, аллергиялық және
инфекциялық ауруларының болуына байланысты, ұрықтың
жатырішілік инфицирленуінен, нәрестелерде патологиялық
гипергидратация, гипоксия және асфиксия байқалады. Бұл жағдай,
анасының қансырауы, травмалық босануы, тромбогеморрагиялық
синдромында орын алуы мүмкін. [23].
Гиперпаратиреоидизмде Ca
2+
, P, мөлшері жоғарылайды,
ал
бала
рахиті ауруында екеуінің де концентрациясы төмендейді.
Осы макроэлементтер жетіспегенде организм өсуге, дамуға,
өзінің табиғи өмірлік циклін атқаруға қабылетсіз болады.
Сулы - тұзды алмасу тепе-теңдігінің бұзылуы кезінде: тілде
тақтаның пайда болуы; ауыздан жағымсыз иістің шығуы, терінің
құрғақ болуы, жылдам тыныс алу, жүректің айнуы, буын,
бұлшықеттің ауырсынуы жүректің жылдам соғуы, салмақ жоғалту
сияқты белгілер байқалады.
378
Достарыңызбен бөлісу: |