Қорытынды
Су - кез келген қызметтегі биологиялық жүйенің міндетті,
алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады. Су организмнің
ішкі ортасы мен оптимальды, физиологиялық активті көлемі,
клетканың
құрылымдық
негізін
құрайды;
биомолекуланың
құрылымдық реттілігін анықтайды; фермент әсерінің субстраттық
арнайылығын қамтамасыз етеді; кейбір ферментативті реакцияда
субстрат қызметін атқарады; клетка ішілік заттардың бағытталған
ағынын құрайды;
терморегуляция процесіне қатысады; жүрек-
тамыр жүйесінің жұмысында гемодинамикалық фактор рөлін
атқарады; Сырттан организмге ас - қорыту жолдары
арқылы
түскеннен бастап, су молекулалары әрдайым қозғалыста болады.
Олар, сұйықтықтар құрамында, мембранамен оқшауланған
кеңістіктерде орналасып, нәтижесінде бүйрек түтікшелері жүйесі,
әртүрлі сыртқы секреция бездері, өкпе, ішек арқылы сыртқа
шығарылады. Организм ішкі ортасының индикаторлық маңызды
катиондарына - натрий, калий, кальций, магний және сутегі
иондары жатады, ал индикаторлық маңызды аниондарына - хлор,
гидрокарбонаттар, фосфаттар, сульфаттар сонымен қатар
органикалық қышқылдар радикалдары ацетат, пируват, лактат,
β – гидроксибутират, ацетоацетаттар жатады. Олар: ағза
сұйықтығындағы осмолярлыққа жауап береді; зат алмасу процесін
катализдейді; биоэлектрлік потенциал түзеді; ағза сұйықтығының
нағыз рН деңгейін анықтайды; пролиферация, дифференцирлеу,
апоптотикалық сүйек тіндерінің құрылымдарын беріктендіреді;
энергияның қолжетімді түрінің қорын түзеді; қан ұю процесіне
қатысады; иммунитет қалыптастыратын активтілікке ие, организм
клеткаларында процестердің активтілігін реттейтін жүйелердің
құрылымдық – қызметтік құрам бөліктері болып табылады.
Әдетте,
кальциймен фосфордың қан плазмасындағы концентрациясы
қарама-қарсы түрде өзгереді. . Электролиттер организмде маңызды
физиологиялық қызметтер атқарады. Мысалы, су молекулаларының
жоғары құрылымдық ұйымдасуы алдынала анықталады және
клетканың ішкі және сыртқы ортасы арасындағы су
молекулаларының қозғалысы сипаты жағынан жоғары дәрежеде
реттелген болып келеді. Дене сұйықтығының осмолярлығына жауап
береді. Зат алмасу процестерін катализдейді.
379
Достарыңызбен бөлісу: |