Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қан анализіндегі пептидтер



Pdf көрінісі
бет344/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қан анализіндегі пептидтер. 
С-пептидтің мөлшерден артуы инсулин синтезінің шектен тыс 
көбеюінен, қатерлі ісіктің өсуінен, панкреатидтің туындауынан 
деген күдік пайда болады. Стандартпен салыстырғанда төмендеуі
қабынуда, немесе диабеттің (тек, 1-ші түрінде), кездесуі мүмкін. 
Қандағы көмірсу алмасу метаболиттері мен глюкоза. 
Қант диабеті кезінде глюкоза мөлшері басқа себептерге байланысты 
жоғарылауы мүмкін: ОЖЖ проблемаларына, гипофизге, қалқанша 
безіне, бас миының жарақатына байланысты артуы мүмкін. Қан 
биохимиясының қалыпты көрсеткіштерімен салыстырғанда, глюкоза 
мөлшерінің төмендеуі байқалған жағдайда эндокриндік жүйе,
бауыр және ұйқы безін тексеру қажет болады. 
Қанның ферменттік құрамы және
липид алмасуы. 
Қалыпты қан құрамында клеткалық ферменттер болмауы тиіс
кездескен жағдайда, сол ферментті түзетін орган клеткалары
бұзылуынан, құрамындағы ферменттер қанға шыққанын білдіреді. 
АлАТ мөлшерінің қанда жоғарылауы, бауырда орналасқан 
клеткалардың өлуінен, АсАТ-тың жоғарылауы жүрек пен бауыр 
аурулары кезінде байқалады. Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) – 
құрамында цинк бар фермент, сүт қышқылының тотығу процесіне 
қатысады. ЛДГ организмде: бауыр, бүйрек, жүрек және қаңқа 
бұлшықетінде кездеседі. Дені сау адамда 5 түрлі изофоралары бар. 
Клеткалардың зақымдануы жәрне бұзылыстары салдарынан қанда, 
ГДГ-ың мөлшері көбейеді. 
Холестерин мөлшерінің төмендеуі - жиі бауыр циррозы,
ревматойдты артрит, өкпе аурулары, немесе жаңа түзілген ісіктерге 
байланысты болуы, ал жоғарылауы миокард байланысты болуы 
мүмкін, ал жоғарылауы – миокард инфаркті, қант диабеті, 
пакреатит, онкология көрсеткіші болуы мүмкін. 


446 
Қорытынды 
 
Қан организмнің сұйық ішкі ортасы Қан тамырларының 
тұйықталған жүйесінде, жүрек жұмысының арқасында, қан әрдайым 
айналымда сақталуы маңызды міндет, себебі, қанға көп мөлшерде
қышқыл өнімдер мен алмасудың сілтілік өнімдері бөлінеді. рН-
реакциясын қанның буферлік жүйелері атқарады. Қан дененің 
барлық аймақтарында температура тұрақтылығын сақтайды. Қан 
плазмасында еріген заттардың химиялық құрамы, салыстырмалы 
түрде тұрақты болады, себебі күшті нейро-гумморальды 
механизмдермен реттелетін гомеостаз ішкі орта тұрақтылығын 
сақтап тұрады. Қан организмнің барлық тіндерімен байланысты 
болғындықтан, бір органда патологиялық процесс пайда болса, 
қанның биохимиялық көрсеткіштері өзгереді. Бұл ақпарат диагноз 
қоюда, эффективті емдеуде маңызды рөл атқарады.

Еркектер 


немесе әйелдердің дәрумендік мәліметтерін нақтылау кезінде, 
көбінесе қанның қалыпты биохимиялық көрсеткіштерін тексереді. 
Натрий мен калийдің қандағы мөлшеріне көңіл аудару қажет. Егер, 
натрий мөлшерден тыс көбейген жағдайда, бұлшық еттің тырысуы, 
адамның тітіркенгіш болып кетуі және шектен тыс шөлдей беруі 
байқалады. Дәрумендер мен микроэлементтер туралы мәліметтерге 
назар аударатын болсақ: Элементтің мөлшерден азаюы- бас ауру, 
әрдайым ұйықтай беруді қалау, құсу тіпті комаға түсуі мүмкі н. 
Калийдің артуы – аритмия, артериялдық қысым көрсеткішінің 
төмендеуі, сананың тұмандануы орын алады. Құсу және 
жүректің айнуы – калий мөлшерінің азайғандығын көрсетеді, кей 
жағдайларда еріксіз үлкен дәрет сындырып қоюы және зәр шығарып 
қалуы мүмкін. Қанға биохимиялық зерттеулер жүргізгенде бірінші 
кезекте адам организміндегі холестерин мен қандағы глюкоза 
мөлшерін әрдайым бақылап тексеріп тұру қажет. Себебі қандағы
глюкоза қалыпты мөлшерден (3,4-5,6 ммоль/л) жоғары болса, ол 
организмге және тіндерге улы әсер етеді. Қан тамыры 
қабырғаларын, көздің торлы қабатын зақымдап соқыр болып қалуға 
дейін апарады. Сонымен қатар диабеттік аяқ , гангрена дамиды. 
Ауыр түрлерінде аяқты кесіп тастауға тура келеді. Нефропатия
пайда болады. Бүйрек жетіспеушілік дамиды. ХСН-ің жоғарылауы 
атеросклерозға әкеледі. Келесі кезекте АЛТ, АлАТ және АСТ, АсАТ 
мөлшерін тексеріп тұру қажет. Бұлар бауыр мен жүрек клеткалары 
зақымданғанда қанда пайда болады. 


447 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет