Терминдер сөздігі
Альбумин –
жай құнды белок, қанның онкотикалық қысымын ұстап
тұрады, қорғаныштық және тасымалдау қызметін атқарады, қан
сары суындағы мөлшері 35-40% ға тең,
Ацидоз
- қышкылдық-сілтілік тепе-теңдіктің қышқылдану жағына
қарай ауысуы, немесе рН-тың төмендеуіне әкелетін жағдай.
Анемия
- қан айналымындағы гемоглобин концентрациясы мен
эритроциттер санының азаюы және оттегінің тасымалдануы
бұзылуынан
гипоксияның
пайда
болуымен
сипатталатын
патологиялық клиникалық-гематологиялық синдром.
Аномалия –
қалыпты жағдайдан, жалпы заңдылықтардан ауытқу.
Анурия
- қуықта зәрдің болмауы немесе тәулігіне бөлінетін зәр
мөлшерінің 100 мл дейін азаюы.
Альцгеймер ауруы
– созылмалы нейродегенеративті ауру, бірте-
бірте деменцияның дамуына және тұлғаның ыдырауына әкеледі.
Бехчет синдромы
– қан тамырларының созылмалы қабынуы
(васкулит) және буындар, жүйке жүйесі, ас қорыту жолдары
қабынуы мүмкін
Вазодилататорлар –
қан тамырын кеңейтеді немесе босаңсытады,
кедергілерді төмендетеді, қан қысымын түсіреді.
Вегенер грануломатозы –
мұрын қан тамырлары, параназальды
синустар, тамақ, өкпе, бүйрек қабынуларын тудыратын, сирек
кездесетін ауру.
Виллебранд ауруы –
қан айналым жүйесіне зақым келтіретін
генетикалық ауру.
Вильсон ауруы –
ОЖЖ және ішкі мүшелер ауруларына әкелетін
мыс алмасуының туа біткен ақауы.
Гемоглобинопатия –
гемоглобиннің полипептидті тізбегі мутацияға
ұшырауынан пайда болатын тұқым қуалайтын бұзылыстар.
Гемостаз жүйесі
– қан айналым жүйесіндегі қанның сұйық күйде
сақталуын және қансырауды болдырмаудың алдын алуды және
тежеуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |