Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет429/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Гемохроматоз - 
организмде (темірдің өте көп жиналуы) темір
алмасуының бұзылуынан пайда болатын тұқым қуалайтын ауру. 
Гипокинезия 
– адам денесіндегі белгілі бір бұлшық еттердің 
жиырылу қабілетінің төмендеуінен қозғалыстың нашарлауы. 
Гипоксия – 
адам организміне немесе оның белгілі бір аймақтарына 
оттегі жеткіліксіз түскенде, оттегіге деген мұқтаждық артқанда 
тайда болады. 


543 
Глюкозурия-
зәрде глюкозаның пайда болуы. 
Гиперкетонемия-
қанда кетон денелерінің қалыпты мөлшерден
жоғары болуы.
Гиперурикемия
- қан ағымында зәр қышқылдары тұздарының 
қалыпты мөлшермен артуынан пайда болады.
Гомеостаз 
- ашық динамикалық жүйенің тұрақты тепе-теңдік күйін 
сақтау. 
Дауна синдромы – 
21-ші хромосоманың аномалиясы тудыратын, 
ақыл-ойдың артта қалуымен сипатталатын генетикалық ауру 
Деменция синдромы 
– ақыл - есі, жады, ойлау, мінез – құлқы,
күнделікті әрекетін орындау қабілеті деградацияға ұшырауы. 
Диффузды – токсикалық зоб 
(Базедов ауруы, Грейвс ауруы, 
жемсау депте аталады), – қалқанша безі клеткаларына иммундық 
жүйенің арнайы антиденелер түзуіне байланысты туындайтын ауру. 
Дофамин -
бақыт немесе рахат гормоны деп аталады, әрі 
нейромедиатор, адамның психикалық және эмоциональды күйіне 
жауап береді. 
 Изостенурия
симптомы – бүйректің зәрді концентрациялау 
қабілетінің нашарлауынан, зәр тығыздығының төмен болуы (1,010). 
Ишемия 
- органдар мен тіндердің уақытша немесе біржола
бұзылысынан қан ағымының белгілі аймақтарда нашарлауы 
Кариес – 
тістердің қатты тіндерінде жүретін күйреу процесі. 
Ксантома
- қатерлі емес ісіктер, гистиоциттер деп аталатын арнайы 
иммундық клеткалардан құралған, организмнен зат алмасудың
өнімдерін шығаруға көмектеседі., бұл макрофагтардың иммундық 
жасушаларында майдың жиналуынан, тері астындағы май 
қабатында сирек кездесетін терінің зақымдануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет