Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


 Амин қышқылдары алмасуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет148/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

4.11. Амин қышқылдары алмасуының бұзылыстары 
 
Организмде жеке амин қышқылдарының қалыпты алмасу 
жолдарының бұзылыстары, әр түрлі патологиялық синдромдардың 
пайда болуына әкеледі. Қазіргі таңда амин қышқылдары мен 
олардың туындылары емдік тәжрибеде кеңінен қолданылуда. 
Мысалы, метионин – бауырдың бірқатар ауруларын, глутамин 
қышқылы 
мидың 
кейбір 
ауруларын, 
ал 
глутамин 
фенилпирожүзімдік олигофренияны
емдеуде қолданылады. [14]. 
Бірқатар амин қышқылдары мен олардың декарбоксильденген 
өнімдері – биогенді аминдер, организмнің көптеген физиологиялық 
қызметтеріне реттеуші әсер етеді. Жалпы организмдегі амин 
қышқылдары алмасуының бұзылыстары, тек олардың алмасу 
өнімдерінің зәрдегі сандық және сапалық құрамы бойынша ғана 
емес, сонымен қатар организмнің биологиялық сұйықтықтарындағы
бос амин қышқылдарының мөлшеріне қарай да, бағаланады.
Тіндердің көпшілігі өзіне тән амин қышқылдық «спектрі» 
мен сипатталады. Қан құрамындағы глутамат пен аспартаттың аз 
мөлшері мен глутаминнің көп мөлшерін ( 25% ), қосып
есептегенде, ағзалар мен тіндердегі бос амин қышқылдардың « 
спектріне» сәйкес келеді. Жұлын сұйықтығында глутаминнен 
басқа амин қышқылдардың барлығы, аз мөлшерде кездеседі. 
Зәрдің амин қышқылдық құрамын қан плазмасымен 
салыстырғанда, өзгеше болады. Дені сау, дұрыс, құнды тамақтарды 
пайдаланатын 
адамдардың қан плазмасындағы бос амин 
қышқылдардың құрамы салыстырмалы түрде, тұрақты келеді, ал 
зәрдің амин қышқылдық құрамы, айтарлықтай әртүрлі келеді.
Амин қышқылдар жетіспеушілігінің барлық көріністері адамдарда, 
белгілі бір амин қышқылының мөлшерден артық пайланғанда, тек 
патологиялық жағдайда, дами алады. Мысалы, 
карцинойдты 
ісіктері 
бар науқастарда триптофанның 60 %-ы серотониндік 
жолмен тотығады, ал қалыпты жағдайда, ол 1%-ы құрайды, 
сондықтан бұл амин қышқылдар жеткіліксіз тотығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет