Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Аммиактың түзілу және жұмсалу жолдары



Pdf көрінісі
бет145/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

4.8 Аммиактың түзілу және жұмсалу жолдары 
 
Аминқышқылдарының дезаминденуі, амидтердің гидролизі, 
пуриндердің 
гидролитикалық 
дезаминденуі 
және 
биогенді 
аминдердің дезаминденуі нәтижесінде аммиак түзіледі. Аммиак аз 
мөлшерде физиологиялық тітіркендіргіш болып табылады, ал көп 
мөлшерде ( аммоний тұзының 50-70мг қоянның 1 кг салмағына 
есептеп, қан тамырына салу) улы әсер етіп, өлімге ұшыратады. 
Сондықтан аммиакты жедел утилизациялап, организмнен шығару 
тіршілікке өте қажет процесс. [19]. 


199 
Бұл реакция 
амидтену 
деп аталады. Адам организмінде 
амидтену реакциясы глутамин, сиректеу аспарагин амин 
қышқылдарының қатысуымен жүреді. (4.16). [113].
(4.16) 
Тіндерде түзілген усыз глутамин және аспарагин амидтері қан 
арқылы бауырға келеді, осы жерде дезаминденеді, яғни аммиакқа 
және сәйкес дикарбон қышқылдарына ыдырайды [12]. 
Амидтену және дезамидтену реакциялары АТФ энергиясын 
жұмсау арқылы өтеді. Амидтердің түзілуі - бұл аммиакты уақытша 
усыздандыру және оның тасымалдану формасы болып табылады.
Амидтердің түзілуін уақытша усыздандыру ғана емес, сонымен 
қатар аммиактың жұмсалуы деп те санауға болады, себебі түзілген 
глутамин және аспарагин белоктары синтезіне құрылым материалы 
ретінде қолданылады және амин тобының көзі ретінде 
гексозаминдердің, пуриндік және пиримидиндік негіздердің 
синтезіне пайдаланылуы мүмкін. 
Бүйректе түзілген аммиактың біраз бөлігі қышқыл өнімдерді 
нейтралдау арқылы зәрмен аммоний тұздары түрінде организмнен 
шығарылады. Аммоний тұздары түзілуінің маңызы зор, себебі 
органикалық және минералдық қышқылдардың артық мөлшері 
организмнен аммоний тұздары түрінде шығарылады, бұл организм 


200 
үшін өте маңызды иондарды (Na, K, Ca) сақтап қалуға септігін 
тигізеді. Аммиактың біразы α-кетоглутарь қышқылымен әрекеттесіп, 
глутамин амин қышқылын түзеді, яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет