Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет217/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Цитозольды механизм
. Цитозольды механизм 
бойынша әсер ететін гормондарға мембранадан жеңіл өте алатын, 
липидтерде оңай еритін, липофильді қасиетке ие гормондар жатады.
Гормон клеткаға өтіп, рецепторлармен жоғары сәйкестігінің 
нәтижесінде гормон рецепторлық комплекс түзеді. Бұл комплекс 
ядро мембранасынан өтеді. Гормон – рецепторлы комплекс ядрода 
хроматиннің 
реттеуші 
белоктарымен 
байланысу 
арқылы 
транскрипцияны реттейді. [19]. 
Гормон - рецептор комплексі реттеуші генмен тікелей 
әрекеттесуі мүмкін. Нәтижесінде белок репрессордың синтезі 
тежеледі, сондықтан ген-оператор және ген-промотор ашылады. 
РНК-полимераза промотормен байланысып, ДНҚ молекуласындағы 
құрылымдық гендердің жұмысын жүргізеді. 
Нәтижесінде, 
транскрипция күшейеді, түзілген мРНК 
цитозольге шығып, рибосомамен матрица түзіледі, ал матрица 
арқылы ферменттер синтезделеді, нәтижесінде ферменттердің 
концентрациясы артады. 
Цитозольды-механизм бойынша әсер ететін гормондар тікелей 
әсер етіп, қажетті мөлшерде белоктар және ферменттер 
синтезделеді. Бұл гормондар әсері ұзақ уақыт болады. 
Цитозольді-механизм бойынша әсер ететін гормондарды 
бейімділік гормондары
деп атайды. Олардың әсері әрекеттескеннен 
кейін біршама уақыт өткен соң білінеді. Цитозольді механизм 
бойынша липидтерде жақсы еритін стероидты гормондар және 
трийодтиронин (Т
3
) әсер етеді. Себебі стероидты гормондар мен 
суда еритін гормондардың аралығынан орын алады. 
3-ші механизм.
Мембраналық механизм. 
Мембраналық
механизм арқылы әсер ететін гормондар клеткадағы ферменттердің 
активтілігін жоғарылатады. Олардың рецепторлары клетканың 
мембранасында (инсулиннің) немесе митохондрия мембранасында 
(тироксиннің рецепторлары) орналасады 
. Сәйкес рецепторларымен байланысу арқылы гормон-
рецепторлық комплекс түзеді.
Бұл комплекс клетканың және субклеткалық митохондрия 
мембранасының өткізгіштігін субстраттар үшін (глюкоза, АҚ-дары,
минералды заттар, БМҚ жєне т.б.) арттырады, нәтижесінде 
ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай туады.
 


297 
Тироксиннің әсерінен ПЖҚ және басқа энергиялық субстраттар 
митохондрияға өтеді, сол жерде тотығып энергия түзеді. 
Гормондар бір-бірінің әсерлерін толықтырады. Биохимиялық 
процестердің қалыпты түрде өтуі тек қана гормондардың ара-
қатынасы белгілі бір мөлшерде болғанда байқалады. Сонымен, 
гормондарға тағы бір қасиет – пермиссивті эффект тән. Жеке 
гормондар тек қана басқа гормон бар кезде әсер етеді – бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет