Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет219/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

пермиссивті
эффект 
деп аталады, яғни бір гормон әсер етуі үшін тағы бір басқа 
гормонның болуы керек. 
8.4.
 Гипоталамус және гипофиз гормондары 
Гипоталамо - гипофизарлы жүйе құрамына эпифиз кіреді. Ол
ми қыртысы мен гипоталамус арасында орналасқан. 
Эпифиз мелатонин деген затты синтездейді. Мелатонин 
ұйқының 
жедел 
фазасына 
жауап 
береді. 
Гипоталамуста 
нейропептидтер, статиндер түзіледі. Статиндер гормондардың 
секрециясын тежейді және либериндер синтездейді. Олар 
гормондардың секрециясын жылдамдатады. [27]. 
Соматотропты 
гормондардың (СТГ) 
секрециялануына 
соматостатин және соматолибериндер әсер етеді.
- адренокортикотропты гормондар (АКТГ) кортиколиберин, 
- фоллитропинге-фоллилиберин, 
- лютеинизирлеуші гормондарға-люлиберин, 
- пролактинніңсекрециясына-пролактолиберин, пролактостатин, 
- меланотропинге-меланолиберин, меланостатин әсер етеді. 
Гипоталамуста синтезделетін барлық рилизинг-факторлар 
химиялық табиғаты жағынан кіші полипептидтер болып табылады 
және 1-ші механизм бойынша әсер етеді. [26]. 
Олар аденилатциклазды механизм арқылы гипофиздің тропты 
гормондарының бөлінуін қамтамасыз етіп, қан құрамында жылдам 
инактивирленеді (жартылай өмір сүру уақыты 2-4 минут). 


299 
Гипоталамус гормондарының синтезделуі мен секрециялануы 
теріс, кері байланыс принципі бойынша перифериялық эндокринді 
бездерде түзілетін гормондар арқылы тежеледі.

Гипоталамус гормондары.
Гипоталамус орталық жүйке 
жүйесі бөлімдері мен эндокринді бездерді біріктіре отыра, 
иерархиялық жүйеде өте маңызды орын алады. (8.2).[130]. 
 
Гипоталамус гормондарының құрылымы мен қызметі
(8.2)
1. а.қ.-аминқышқылы қалдығы; 
2. 
Қазіргі 
таңда 
пролактолибериннің 
 
құрылымы 
анықталмаған, 
сонымен 
қатар 
тиреолиберин, 
серотомин, 
окситоцин және ацетилхолиннің яғни пролактиннің секрециясын 
стимульдейді, осындай әсер береді; 


300 
3. 
Гипоталамустың басқа да факторларының бірі, 
пролактиннің синтезін тежеуші дофамин болып табылады, ол 
пролактин генінің транскрипциясын тежейді. 
 Гипоталамустың нейропептидтерінің бірі ол 56 амин қышқылы 
қалдықтарынан 
құралған 
және 
гонадолибериннің 
де 
пролактостатиннің де активтілігін көрсете алады. Дофаминді 
гонадолиберин ассоцирленген пептид (ГАП) деп те атайды;
 Гипоталамус нейрондары клеткаларында екі түрлі пептидті 
гормондар синтезделеді. Олардың бірі гипоталамо-гипофизарлы 
тамырлар жүйесі арқылы гипофиздің алдыңғы бөлігіне түседі және 
сол жерде тропты гормондардың синтезін стимульдейді немесе 
ингибирлейді. 
Окситоцин 
мен 
вазопрессин 
сияқты 
нерв 
клеткаларының аксондары арқылы гипофиздің артқы бөлігіне 
түседі, сол жерде везикулаларда сақталады және сәйкес 
сигналдарға жауап ретінде қанға секрецияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет