Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет227/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Адамның өсу гормоны 
Өсу гормонының рецепторлары: бауыр клеткалары, май 
тіндері, аталық бездер, сары дене, қаңқа бұлшық еттері, шеміршек 
тіні, ми, өкпе, ұйқы безі, ішек, жүрек, бүйрек және лимфоциттердің 
плазматикалық мембраналарында кездеседі. 
Өсу гормонының рецепторы бір мембрана ішілік домені бар 
молекулалық массасы 70 кД - нан тұратын белок болып табылады.
Адам ұйқыға кеткеннен кейін көп ұзамай ең көп бөлінуі 
байқалады. [19]. 
Әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен (стресс, физикалық ауыр 
жұмыс, гипогликемия, аштық, белокты тағамдар , аргининамин 
қышқылдары) өсуі тоқтаған ересек адамдардың өзінде, қанындағы
өсу гормонының деңгейі 30-100 нг/мл - ге дейін көтерілуі мүмкін. 


310 
Өсу гормонының синтезі мен секрециясының реттелуі көптеген 
факторлардың әсерінен жүзеге асады.
Негізгі стимульдеуші әсер беретін соматолиберин, ал негізгі 
тежеуші әсерді гипоталамустың соматостатин гормоны береді. 
.
Өсу гормонының биологиялық әсері. 
(8.6) 
Өсу гормоны өзінің репепторларымен байланысуы барысында
2 рецептор димерленеді. Бұл репептормен байланысқан Янус-


311 
киназаны активтендіреді және Янус-киназа мен рецепторды тирозин 
қалдығы арқылы фосфорлайды.
Өсу гормоны рецепторларының активтенуі тирозинкиназа, 
фосфолипаза С белсенділіктерінің жоғарылауымен қатар жүреді 
және ДАГ, ИФ деңгейлері көтеріледі, сонымен қатар протеинкиназа
С-ның активтілігі артады 
Өсу гормонының алғашқы әсері қысқа мерзімді және 
инсулиннің әсеріне ұқсас келеді. Олар негізінен, липидтер мен 
көмірсулар алмасуына әсер етеді. 
Алайда, белгілі бір уақыттан кейін, ( инсулинге қарама-қарсы) 
әсерлер баяулай бастайды: май тіндерінде липолиз көбейеді
қандағы май қышқылдарының концентрациясы артады, ал инсулин 
баяулай бастайды: май тіндерінде липолиз көбейеді, қандағы май 
қышқылдарының концентрациясы жоғарылайды, ал инсулин 
жетіспеген жағдайда, қандағы кетон денелердің концентрациясы 
артады. Соның салдарынан қандағы глюкоза концентрациясы 
төмендейді. [20]. 
Өсу гормонының әрекеті, негізінен белок алмасуы және
организмнің өсуі мен дамуына байланысты процестерді реттеуге 
бағытталған. (8.6).[134].
Өсу гормонының әсерінен амин қышқылдары клеткада, 
бұлшықетте артады, нәтижесінде сүйек, шеміршек, бұлшықет және 
бауыр тіндерінде т.б. ішкі органдарда белоктың синтезі күшейеді. 
РНҚ, ДНҚ және клеткалардың жалпы саны көбейеді. 
Өсу гормонының сүйек қаңқасы мен жұмсақ тіндердің өсуіне 
әсері кейбір заттардың қатысуын қажет етеді. 
Бұл 
заттарды өсу гормоны мен әртүрлі тіндердің 
клеткаларының 
плазматикалық 
мембранасында 
орналасқан 
рецептормен әрекеттескенде, оған жауап ретінде негізінен бауырда 
синтезделетін соматомединдер деп аталады. Өйткені, бұл 
молекулалар бір-бірінен сонымен қатар проинсулинге жоғары 
гомологты ерекшеленетіндіктен, инсулинге ұқсас белсенділік 
танытатындықтан және өсуді ынталандыратын күшті әсері 
болғандықтан, оларды инсулинге ұқсас өсу факторлары (ИФР-1 
немесе Соматомедин С; ИФР-2 немесе соматомедин А) деп атайды. 
ИФР-1 негіздік қасиеті бар бір тізбекті полипептид, 70 аминқышқыл 
қалдықтарынан құралған.

Қан құрамында соматомединдер шамамен 95 % белокпен 


комплексте болады. ИФР-2 синтезіне қарағанда ИФР-1 синтезі 


312 
басым көпшілігінде қандағы өсу гормонының концентрациясына 
тәуелді және бауырда түзілетін ИФР-1 ретроингибирлеу механизмі 
бойынша гипофиз және гипоталамус деңгейінде әсер ете отыра, өсу 
гормонының синтезі мен секрециясын ингибирлейді. (8.7).[135]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет