Гипофиз гормондары. Гипофиз нейрогуморальді реттелуде
орталық орынды алады, ол ми қыртысымен, гипоталамуспен мидың
жұлын бөлігінен және барлық ішкі секрецияның перифериялық
бездерімен тығыз байланысқан. Перифериялық бездер мен
гипофизден гормондардың секрециялануы кері байланыс түрінде
реттеледі. [38].
Перифериялық ішкі секреция бездерінің гормондары артқанда,
тропты гормондардың бөлінуі төмендейді және керісінше
перифериялық эндокринді бездерден гормондардың бөлінуі
төмендегенде, тропты гормондардың бөлінуі күшейеді, бұл
перифериялық бездердің белсенділігін ынталандыруға әкеледі.
Гипофизді үш бөлікке бөліп қарастырған:
Гипофиздің алдыңғы бөлімі –
аденогипофиз. Онда 6 гормон
синтезделеді, бұлар
тропты гормондар деп аталады.
Гипофиздің орталық бөлімі -
меланостимульдеуші гормонды секрециялайды, бұның адам үшін маңыздылығы онша
емес, ал жануарлар жүнінің түсі осыған байланысты болады.
Гипофиздің артқы бөлімінде екі гормон жиналады, бұл
гормондар гипоталамуста түзіледі.
Гипофиздің
барлық
гормондары
табиғаты
жағынан
полипептидтер немесе белоктар болып табылады. . (8.4).[132].
Алдыңғы бөлімде алты гормон түзіледі. Олар: СТГ, АКТГ,
ТТГ, ФСГ, ЛГ (лютеинизирлеуші), ЛТГ(лютеотропты немесе
пролактин) . Гипофизде көптеген гормондар синтезделеді, олар әр
түрлібиохимиялық процесстерді және олардың физиологиялық
307
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары (8.4)
қызметтерін реттеуге қатысады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі
(аденогипофиз) тропты деп аталатын гормондар синтезделеді, олар
308
басқа эндокринді бездерде түзілетін гормондарының секрециясын
және синтезін стимульдейді немесе басқа нысана тіндерде жүретін
метаболизм реакцияларына әсер етеді.