Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз негізінен су
балансы мен лактация кезеңін реттеуші гормондар секрециялайды.
Гипофиз гормондарының секрециясы жүйке мен гуморальді
сигналдардың тіркемесіне байланысты жүреді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары .
Бұл кезде бір түрлі агонист мысалы, норадреналин гипофиз
гормондарының секрециясында қарама-қарсы өзгерістер тудыра
алады. Екінші жағынан әрбір гормонның секрециясы көптеген
факторлармен бақылануы мүмкін.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының синтезі мен
секрециясы
гипоталамус
гипофиздің
алдыңғы
бөлігін
байланыстыратын қан тамырларының гормондарымен реттеледі.
Бұл гормондар гипофизге гипоталамус пен портал жүйесі арқылы
енеді. Сонымен қатар гипоталамус пен гипофиз гормондарының
секрециялануы кері байланыс механизмі арқылы нысана-органдарда
өнімдердің түзілуін стимульдейтін гормондармен реттеледі.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде химиялық құрылымы жағынан
пептидтер мен гликопротеидтер болып келетін гормондар
синтезделеді. Олар синтезделу механизмі және биологиялық қызметі
бойынша үш топқа біріктіріліп қарастырылады. [40].
1. Өсу гормоны, пролактин .
Өсу гормоны соматотрофты клеткаларда синтезделеді, олар
гипофиздің алдыңғы бөлігінде көп мөлшерде кездеседі. Өсу
гормонының мөлшері 1г без тінінде 5-16мг құрайды, ал гипофиздің
басқа гормондарының мкг/г мөлшері мен есептеледі. Өсу гормоны
барлық сүт қоректілерде 191 аминқышқылы қалдығынан құралған,
молекуласында 2 дисульфидті байланысы бар (оның орналасқан
жері 183-39), молекулалық массасы 22 кД болатын бір тізбекті
пептид болып табылады. (8.5).[133].
Өсу гормоны молекулалық массасы 28 кд-нан тұратын,
гормональды активті емес прогормоннан түзіледі. Қан плазмасында
өсу гормонының деңгейі 3 нг/мл-ден аспайды, оның секрециясы 30
минутсайын пульсация жолымен жүреді.
Адам ұйқыға кеткеннен кейін көп ұзамай ең көп бөлінуі
байқалады. Әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен (стресс,
физикалық ауыр жұмыс, гипогликемия, аштық, белокты тағамдар ,
309
аргининамин қышқылдары) өсуі тоқтаған ересек адамдардың
өзінде, қанындағы өсу гормонының деңгейі 30-100 нг/мл - ге дейін
көтерілуі мүмкін.
(8.5)