Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет222/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Гипоталамус гормондары. 
Гипоталамус екі түрлі қызмет атқарады. ары ми, арыорталық 
эндокринді без болып табылады. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) мен 
эндокринді жүйенің тікелей өзара әсерлесу орны ретінде қызметін 
атқарады. ОЖЖ-нің берген сигналдарын эндокриндік жүйелерге, 
атап айтқанда, гипофизге жеткізуші орталық болып саналады. ОЖЖ 
мен эндокриндік жүйені байланыстаратын заттар – 
медиаторлар
деп аталады. Олардың биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. 
Гипоталамус медиаторлары жүйке клеткаларында түзіледі. 
Гипофиздің қызметіне реттеуші әсер беретін заттар гипоталамус 
тінінен бөлінеді және мұндай қосылыстарды жоғары гормондар деп 
атайды. Олар гипоталамустан порталдық капиллярлар арқылы 
гипофизге келеді. Бұл медиаторлар гипофиз гормондарының 
секрециясын және биосинтезін реттейді. Бастапқыда бұл заттар 
нейрогормондар деп аталған болатын, кейіннен рилизнг-факторлар 
(release-босату) деп аталды. [29]. 
Ал керісінше, гипофизарлық гормондардың бөлінуіне кері әсер 
беретін заттарды ингибиторлық факторлар деп атады. Жеке 
органдар мен тіндердің физиологиялық жүйеде атқаратын 
биологиялық 
қызметтерінің 
гормондармен 
реттелуінде 
гипоталамустың гормондары басты рөл атқарады. 
Гипоталамуста 
гипофиз 
гормондарының 
секрециясын 
күшейтетін жеті рилизинг-гормондар және үш ингибирлеуші 
гормондар түзіледі. Олардың тек үшеуі ғана таза күйінде алынып, 
құрылымы зерттелген және химиялық синтез арқылы дәлелденген.
Гипоталамус гормондарын таза күйінде бөліп алу өте қиын,
себебі 1 мг тиреотропин-рилизинг-факторды (тиреолиберин) бөліп 


304 
алу үшін 5 млн қойдың миынан 7 тонна гипоталамусты алып, 
өңдеуден өткізу қажет. 
Гипоталамус гормондарының барлығы дерлік тек бір ғана 
гипофизарлық гормонға әсер етіп қоймайды. Атап айтсақ, 
тиролиберин тиротропиннен басқа пролактиннің, ал люлиберин 
лутеинизирлеуші гормоннан басқа ФСГ-ның бөлінуіне әсер етуге 
қабілетті. Гипоталамус гормондарының нақты бекітілген атаулары 
жоқ. Гипофизден бөлінетін гормондардың атауына 

либерин

жалғауы 
жалғанады. 
Мысалы, 
гипоталамустың 
гормоны 
тиреотропин гипофизден тиреолибериннің синтезін және бөлінуін 
стимульдейді. Осы сияқты 

статин

жалғауын пайдаланып 
гипофиздің тропты гормондарының синтезін және бөлінуін 
ингибирлеуші гипоталамус факторларының атауын түзуге болады. 
Соматостатин - гипофизден бойды өсіретін гормон соматотропиннің
синтезін және бөлінуін ингибирлейтін гипоталамустың пептидті 
гормоны. [34]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет