317
Сау адамдарда қандағы АКТГ-нің ең төмен деңгейі күн
соңында және ұйықтар алдында, ал ең жоғарғысы таңғы 6-8 де
оянған кезде байқалады. Қандағы жартылай активтілігін жоғалту
уақыты 15-25 минут.
АКТГ-ның әсер ету механизміне клетканың цитоплазмалық
мембранасындағы рецептормен әрекеттесуі, аденилатциклазаның
активтенуі және кортикостероидтардың синтезіне қатысатын
белоктардың фосфорлануы жатады. Бұл әсерлер Са
2+
иондарының
қатысуымен күшейеді.
Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының клеткаларында АКТГ
холестерол эфирінің гидролизін стимульдейді, холестеролдың
ТТЛП-ң құрамында клеткаға түсуін күшейтеді, холестеролдың
прегненолонға айналуын ынталандырады, митохондриальды,
микросомальді және кортикостероидтардың түзілуіне қатысатын
ферменттер синтезін индуцирлейді.
Достарыңызбен бөлісу: