Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Проопиомеланокортиннен түзілетін пептидті гормондар



Pdf көрінісі
бет232/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Проопиомеланокортиннен түзілетін пептидті гормондар 
Ананың кеудесін сору әрекеті пролактиннің бөлінуін 
ынталандырады, сүттің түзілуі мен бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Гипоталамо-гипофизарлы жүйе қызметінің бұзылысы. 
Гипоталамо – гипофизарлы жүйе бас миында орналасқан, көлемі 
жағынан онша үлкен емес, организмде өте маңызды қызметтер 


319 
атқарады. Гипоталамус - аралық мидың бір бөлігі, гипофиз 
гормондарының түзілуін бақылайды. Гипофиз – бас миының түбінде 
орналасқан, оның негізгі міндеті, барлық перифериялық 
эндокриндік бездердің қызметін реттейтін гормондар түзу. 
Гипоталамус – гипофиз жүйесінің дисфункциясы әртүрлі 
клиникалық көріністермен сипатталады.
 
Тропты гормондар өнімдері толығымен немесе ішінара 
тежелгенде (пангипопитуитаризм синдромы) бір немесе бірнеше 
гормондардың синтезі мен секрециясы бұзылады, осының 
салдарынан гипофункция пайда болады. Гипофиз тропты 
гормондарының жетіспеушілігі - перифериялық эндокринді бездер
функциясының күрт төмендеуіне әкеледі. Гипофиздің гонадотропты 
қызметінің жоғалуы - аналық бездің, аменореяның, жатырдың және 
сүт бездерінің атрофиясына әкелуі мүмкін. Кортикотропин 
өнімдері түзілуінің төмендеуінің салдарынан бүйрек үсті безі 
қыртысты қабатының созылмалы жетіспеушілігі дамиды. Өсу 
гормонының жетіспеушілігі әсіресе балалар үшін өте қауіпті. СТГ-
ның абсолютті немесе салыстырмалы тапшылығы кезінде қалыпты 
өсу қабілеті бұзылыстарының бірнеше түрлері белгілі:
Гипофиздік ергежейлілік
(грек тілінде nanos-карлик) кезінде 
өсу мен физикалық дамудың бұзылу себептері - өсу гормонының 
тапшылығынан туады. Гипофиз безі ауруының көптеген түрлері өсу 
гормоны генінің мутациясы нәтижесінде дамиды. 
Гипофизарлы нанизммен ауыратындардың көпшілігінде бой 
өсуі бұзылыстары басқа эндокринді бұзылыстармен қосарлана 
жүреді. Көптеген жағдайларда өсу гормонының гипосекрециясы
гипофиздің 
соматотрофты 
клеткаларының 
аутоиммунды 
зақымдануы бассүйек-ми жарақаттары немесе радиация нәтижесінде 
пайда болуы мүмкін. [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет