320
Гиперфункциясы.
Өсу гормонының гиперфункциясы,
әдетте
гипофиздің соматотропты гормон клеткаларында қатерлі ісіктің
нәтижесінде туындайды. Бұл өсудің белсенділігін арттырады.
Егер
өсу
гормонының
гиперсекрециясы
эпифизарлы
шеміршектерінің сүйектену процесі
аяқталмаған балалар мен жас
өспірімдерде пайда болса, бірақ ұзын сүйектердің
өсуі жалғасса,
гигантизм
дамиды (грек тілінде gigantos-алып). [14].
Гигантизм кезінде сүйек, жұмсақ тіндер және мүшелердің өсуі
салыстырмалы түрде пропорционалды жүреді.
Ересектердегі
өсу
гормонының
гиперсекрециясы
акромегалияның
дамуына әкеледі (грек тілінде acros-шеткі, megas-
үлкен), бұл кезде дененің өсуі жылдамдайды,
бірақ ұзындығына
емес, еніне диспропорционалды өсуі салдарынан бет, қол, аяқ, бас
сүйегінің көлемі және ішкі органдар өлшемдері ұлғаяды.
Акромегалиямен
ауыратын
көптеген
науқастарды
(~40%)
соматотропты клеткалардың плазматикалық мембраналарындағы G-
белоктың суббірлігіндегі болатын мутация
нәтижесінде суббірлік
ГТФ-азалық активтілігін жоғалтады. [6].
Осының салдарынан аденилатциклаза ұзақ уақыт активті күйде
болады, нәтижесінде цАМФ шамадан тыс түзіледі және өсу гормоны
шамадан тыс секрецияланады.
Достарыңызбен бөлісу: