Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет233/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Ларон ергежейлілігі
(синдромы) гепатоциттердегі өсу 
гормоны рецепторындағы ақауы және ИФР-1 мен ИФР-2 синтезінің 
төмендеуі салдарынан пайда болады. Бұл кезде қан құрамында СТГ 
концентрациясы жоғарылайды. 
Африкалық пигмиялардың ергежейлілігі
. (Бойлары қысқа 
Африкалық адамдар). СТГ гормональды сигналдың рецепторлардан 
кейінгі берілуі мен таралуының бұзылыстары нәтижесі болып 
табылады. Ергежейліліктің бұл формасында плазмадағы өсу 
гормонының концентрациясы қалыпты, ал ИФР-1 концентрациясы 
айтарлықтай төмендеген. 


320 
Гиперфункциясы.
Өсу гормонының гиперфункциясы, әдетте 
гипофиздің соматотропты гормон клеткаларында қатерлі ісіктің 
нәтижесінде туындайды. Бұл өсудің белсенділігін арттырады. 
Егер 
өсу 
гормонының 
гиперсекрециясы 
эпифизарлы 
шеміршектерінің сүйектену процесі аяқталмаған балалар мен жас 
өспірімдерде пайда болса, бірақ ұзын сүйектердің өсуі жалғасса
гигантизм
дамиды (грек тілінде gigantos-алып). [14]. 
Гигантизм кезінде сүйек, жұмсақ тіндер және мүшелердің өсуі 
салыстырмалы түрде пропорционалды жүреді. 
Ересектердегі 
өсу 
гормонының 
гиперсекрециясы 
акромегалияның 
дамуына әкеледі (грек тілінде acros-шеткі, megas-
үлкен), бұл кезде дененің өсуі жылдамдайды, бірақ ұзындығына 
емес, еніне диспропорционалды өсуі салдарынан бет, қол, аяқ, бас 
сүйегінің көлемі және ішкі органдар өлшемдері ұлғаяды.
Акромегалиямен 
ауыратын 
көптеген 
науқастарды 
(~40%) 
соматотропты клеткалардың плазматикалық мембраналарындағы G-
белоктың суббірлігіндегі болатын мутация нәтижесінде суббірлік 
ГТФ-азалық активтілігін жоғалтады. [6]. 
Осының салдарынан аденилатциклаза ұзақ уақыт активті күйде 
болады, нәтижесінде цАМФ шамадан тыс түзіледі және өсу гормоны 
шамадан тыс секрецияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет